ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

10:56, 17 ақпан 2020

Жамбыл облысының Қордай ауданында әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс істеп жатыр.

Бүгін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Қарасу, Масаншы, Қаркемер, Ауқатты және Сортөбе ауылдарына барып, жағдайды көзбен көрді. Қираған нысандар қалпына келтіріліп, құрылыс қыза түскен. Бүлінген бағдаршамдар іске косылып, көшелердегі көлік қозғалысы реттелген. Балабақшалар мен мектептер жұмыс істеп тұр. Мысалы, Масаншыдағы 16-орта мектепте 873 бала білім алады. Осы күндері оқушылардың сабаққа келуі 25 пайызға төмендеген. Облыс басшысы тез арада барлық баланы қамтуды тапсырды.

Дәурен Тапиев, мектеп директоры:

Мұғалімдердің 100 пайызы мектепке келіп жүр. Оқу процесінде ешқандай өзгеріс жоқ. Бәз қалпында мектеп жұмыс істеп жатыр. Осында арнайы челендж жүргізіп жатыр. Сыртқа шекера асып кеткен оқушыларды мектепке тарту бойынша.

Ал кеше Бердібек Сапарбаев алғашқы аппарат жиынын  өткізді.  Аймақ басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін әуелі жұмыссыздықты азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды міндеттеді. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін соңғы үлгідегі заманауи техника әкелу керек.  Бұл – ішкі жалпы өнімді еселеуге сеп. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды да көбейтуге күш салынуы тиіс деген облыс әкімі ішкі саясат басқармасының жұмысын сынға алды. Қоғаммен қажетті байланыс жоқтың қасы. Тіл туралы заңды орындауда олқылық көп.

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
20:48, 2 сәуір 2020
ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...