ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

20:46, 13 шілде 2020

13 шілде - жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен бүгін сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды. Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен, бір минут еске алды.

Еске алу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Президент Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты. 

«Үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдауда. Дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдіремін. Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін», - деп жазды Қазастан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter парақшасында.


Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасына сіңірген аса зор еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлық жұмысы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының бөлімше меңгерушісі Олег Николаевич Исаевқа және Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қалихан Есбосынұлы Қозбағаровқа (марқұм) берілді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА БАС САНИТАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:17, 22 қыркүйек 2020
ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА БАС САНИТАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:12, 22 қыркүйек 2020
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...