ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫН 60-ҚА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ ҰСЫНЫЛДЫ

10:27, 8 қазан 2020

Ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60-тан асырмау керек. Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан депутат Айқын Қоңыров Үкімет басшысына осындай сауал жолдады.

Олар коронавирус ең алдымен егде адамдарға қауіпті,-дегенге сүйеніп отыр. Сондықтан үлкендердің індеттен іргесін аулақ салу үшін қамқорлыққа алуды алға тартады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша COVID-19 вирусы жасы алпыстан асқан адамдарды алып кетіп жатыр. Әрі ауруды жұқтыру ықтималдығы егде адамдар да жоғары. Сондықтан зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынысы осы пандемияға байланысты жасалып отыр.
Айқын Қоңыров, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Биыл тамыз айынан бері 110 981 адам қайтыс болған. Олардың ішінде жасы алпыстан асқандардың саны – 78 637, яғни 71 пайызы. Тұмау тарайтын кезде COVID вирусынан өлім-жітім көейе түсуі мүмкін. Індеттің екінші толқыны келетіні болжанып жатқан уақытта әсіресе егде жастағы кісілерді сақтауымыз керек.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
22:39, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ  ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
22:37, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТК...
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
21:04, 22 қазан 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар