ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҢ ЫҚПАЛЫ ЗОР

21:28, 14 маусым 2019

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан астанасы Душанбеге ұшып келді. Ертең мұнда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің отырысы өтеді. Ал бүгін екі елдің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Раxмон екіжақты кездесу өткізбек.

Бірер сағат бұрын Қазақстан Президенті Душанбе әуежайына келіп қонды. Бұл  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде Тәжікстанға алғашқы сапары. Бұдан соң екі елдің президенті екіжақты кездесу өткізді. Онда елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру, сауда-экономикалық, мәдени байланыстар жайы талқыланбақ. Жалпы, екі елдің достығы берік, бірлігі бекем. Қазақ-тәжік дипломатиялық қарым-қатынасына ширек ғасырдан асты. Стратегиялық серіктестік туралы келісімге уағдаласқан ортақ құжат та бар. Достық қарым-қатынас ықпалының арқасында өзара сауда-саттық артып келеді. Былтыр алыс-беріс 840 миллион доллардан асқан. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:

Ал ертең Душанбеде 27 елдің лауазымды мемлекеттік тұлғалары қатысатын ауқымды шара өтеді. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің кезекті отырысы басталмақ. Салмақты саяси шараға Душанбеде қазір дайындық қызу. Тіпті, маңызды жиын үшін мұнда мектептерде сабақ тоқтатылып, жұмыскерлерге демалыс жарияланған.

Тақырып бойынша материалдар

10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
10:34, 21 тамыз 2019
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Толығырақ...
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:16, 21 тамыз 2019
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...