ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ

10:40, 26 маусым 2019

«Арыс қаласындағы қалыпты өмір тез арада қалпына келтірілуі тиіс». Үкімет сағатын Премьер-министр Асқар Мамин осындай тапсырмамен бастады. Аз уақытта, шаһардағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке, орай адам шығыны бар.

Ресми мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан. Жарылыс салдарынан тұрғын үйлерге, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға, қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандарға тигізілген залал бар. Алдағы күндері апаттан келген зиянды арнайы комиссия бағалап, нақты шешім шығармақ. Апат айтып келмейді. Десе де, қол қусырып қарап отыратын кез емес. Осылай деген, Үкімет басшысы Арыстағы тіршілікті аз уақытта қалпына келтіруді тапсырды. Кеше, апат орнына арнайы барған Президенттің пәрменін жүзеге асыратын осы министрлер мен аймақтағы басшылар екенін тағы бір мәрте еске салды.

Асқар Мамин ҚР премьер-министрі: 

Құрметті әріптестер, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, комиссия Арыс қаласындағы тұрғын үйлерге, әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға залалды анықтайды. Тиісті шешімдер қабылданып, қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі. Үкімет тарапынан қажетті шаралар атқарылатын болады.

Мемлекеттік материалдық резервтен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілмек. Ендігі, міндет келген шығынды анықтау. Біреуге жан олжа болса, ал бәз біреулерге иесіз қалған мүлікті тонау олжа. Тәртіп сақшылары осындай үш бірдей ұрының үстінен түскен.

Мұрат Бектенов, ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары:

200 метр қашықтықта отырған тұрғын үйлер бар. Талапқа сай, елді-мекеннен 3 шақырым қашықтықта орналасуы керек. Біз сан мәрте осы мәселені көтеріп, 10 шақырым жерге көшіруді ұсынғамыз.

Қорғаныс министрлігі 2005 жылдан бері қару-жарақты бұл жерден көшіріп әлек. Алайда, Арыс қаласындағы оқ-дәрінің көлемі тым көп. Қазір, осы жерде жатқан қару-жарақтың жиынтық қоры 146 мың тонна. Бүгінгі таңда, апаттың дәл неден басталғанын болжаудың өзі қиын. Бір анығы, мұндай алапат апат Тәуелсіз Қазақстан тарихында болмаған. 

Тақырып бойынша материалдар

10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
10:34, 21 тамыз 2019
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Толығырақ...
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:16, 21 тамыз 2019
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...