ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

16:45, 12 қаңтар 2020

Шығысқазақстандықтар мәжіліс қарауындағы заң жобаларына ерекше қызығушылық танытты. Нұрлан Нығматулиннің іс сапары барысында тұрғындар әр сала бойынша пікірлерін білдіріп, талқылауға белсенді қатысты.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Шығыс Қазақстанға сапарын “Жидебай-бөрілі” мемлекеттік тарихи мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейіне барды. Одан соң дәрігерлер қауымымен кездесіп, мәжілісте қаралып жатқан денсаулық кодексін талқыға салды. Әсіресе трансплантологияға ерекше назар аударылды. Әлеуметтік желіде қазақстандықтардың органдары шетелге жаппай сатылуы мүмкін деген ақпараттың жалған екенін жеткізді. Бұл тұрғыда ақ халаттылардың пікірін біліп, қараудағы құжатқа қосымша ақпарат жинады.

Алтай Култуманов, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

Бұл ауруханада жуырда ғана құрылған гибрдті операциялық зал сәтті жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 128 операция жасалған. Нұрлан Нығматулин Өскемендегі жұмыспен қамту орталығына барып, көб балалы ата аналармен кездесу өткізді. Мәселелерімен танысып, мемлекеттің беріп отырған мүмкіндіктерімен тереңірек таныстырды. Болашақ жастардың қолында. Бүгін мемлекетте жүргізіліп жатқан саясат та осы бағытта. Мұны 2019 жастар, 2020 волонтерлар жылы деп белгіленуі тағы бір дәлелдейді. Қоғамның дамуына жас буынның қосатын үлесін ескере келе парламент спикері жастарды қолдауға бағытталған жаңа жобалардың бірнешеуін атап өтті. Жаңа жылдан бастап шәкіртақы да 25 пайызға өсті.

Студент:

Шығыс Қазақстан еліміздегі ірі өндірістік орталықтардың бірі. Үлбі металлургия зауытында болған Нұрлан Нығматулин кешеннің қауқарымен танысып, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын сұрады. Өндіріске қарқын беруге мемлекет, парламент мәжілісі барынша қолдау көрсететінін атап өтті.

Нұрлан Нығматулин, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы:

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
09:54, 20 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ
09:39, 20 ақпан 2020
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар