ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ОҚУ БІТІРУ РӘСІМІ

11:45, 3 маусым 2019

Еңбек нарығына 900-ден астам жас маман жолдама алды. Бүгін Назарбаев университетінің бесінші легі оқуларын тәмамдады. Салтанатты шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ең үздік академиялық үлгерімді көрсеткен түлектерге өз қолымен дипломдарды табыстады. Биыл жоғары оқу орнын 963 түлек аяқтап отыр. Олардың қатарында бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламасын аяқтағандар мен медицина докторлары да бар.

Бұлар - еңбек нарығына қазір аса қажет мамандар. Өйткені олар ғылым мен технологияны, жоғары бизнес, саясат, инженерлік саланы толыққанды меңгеріп шықты. Сондықтан түлектер жұмыс іздеп көп жүрмейді. Керісінше, жұмыс берушілер оларға келеді. Себебі де түсінікті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-Елбасы:

Тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген жасаған шаралардың ішіндегі ең бір жақсысы да, қажеттілігі де осы Университет болды деп санаймын. Бұл ата-аналар студенттер үшін мерейлі сәт деп санаймын. ЖОО-нын бітіріп отырған барлық жастарды шын жүрегімнен құттықтаймын.  01.05. қысқа мерзім ішінде оқу ордасы халықаралық беделдегі оқу орындарының қатарына қосылғанын бәріміз білеміз. Қазір универистет заманауи білім беру жүйесін қалыптастырып, еліміздегі ЖОО-ның көшін бастап келеді. Осы универге қарап бәрі жол түзейді, осындай болса екен деп ойлайды. 

Қоғамда Назарбаев университетіне қалталылар ғана түсе алады деген түсінік бар. Бірақ, бұл қасаң пікірдің қате екенін уақыт көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан республикасының тұңғыш президенті-Елбасы:  

Много критики услышали. Иногда и сегодня слышим. Что это для элиты, для детей состоятельных богатых. Вы являетесь доказательства того что это не так. Так ведь???

Әлемнің ең үздік оқытушы, профессорлары дәріс беретін оқу ошағын осы уақытқа дейн 2500-нан астам түлек тәмамдады. Олардың 60 пайызы ел дамуы жолында табысты еңбек етіп жатыр. Стартап, бизнес-жоба ойлап тауып, қазақстандықтарға жаңа жұмыс орындарын ашып отырғандар да осылар. Бірқатары халықаралық ірі компанияларда жұмыс істеуде. 29 пайызы оқуларын жалғастыруда. Ал биыл тұңғыш рет университетте бірқатар түлек медицина мамандығын алып шықты.

Илисоми Адессида Назарбаев университетінің провосты:

Олар кәдімгі дәрігер докторлар. Осы қыркүйекте практикаға қатысып, еңбекке кірісе алады.  Бірақ, бұдан соң да оқуларын жалғастырулары тиіс. Биыл 14 түлекті ұшырдық.

Бүгінгі түлектердің 40 пайызы әлемнің жетекші оқу орындарынан шақырту алыпты. Әрі қарай білімдерін шыңдауға үмітті. Оқулары аяқталған соң Отанға оралып, бәсекеге бейімді жастар елдің өсіп-өркендеуіне күш салулары қажет.

Азат Әміралин Назарбаев университетінің түлегі:

Инженерия мамандығы Қазақстанға керек. Өйткені барлығымыз білеміз бізде пайдалы қазбалар көп. Бірақ оларды дұрыс қолдана алмай жатырмыз. Сондықтан химия, механика салалары бүкіл жақта керек болады. Бізге берген білімді пайдаланып, Қазақстанның экономикасын, инфраструктурасын пайдалануымыз керек.

Осымен Назарбаев университеті шәкірттерінің бесінші легін ұясынан ұшырды. 

 

АН ЗУ ПТРК ҰА

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
10:16, 11 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...