ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ТУ ТҰҒЫРҒА ҚОНДЫ

18:55, 5 шілде 2019

Жыл сайын елорда күні қарсаңында үзілмейтін бір үрдіс бар. Атамекен мемориалдық кешеніндегі ең үлкен Мемлекеттік ту көтеріліп, әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шен табысталады. Тудың тұғырға қонуы бұл қала күнін тойлаудың салтанатты түрде басталғанын білдіреді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы шараға қатысып, қала тойының басталғанын ресми түрде жария етті. Қазақ үшін көгінде желбіреген көк байрақтан қасиетті нышан жоқ. Президент өз сөзінде ту – ел бірлігінің символы екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік деген" деген даналықтың мән-маңызы да осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздеріңіз сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтуде. Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. Дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымы елордамызды бейбітшілік қаласы деп атады. Ел астанасының қазіргі даму қарқыны айрықша. Бұл ең алдымен Елбасымыздың теңдессіз еңбегі, дана  халқымыздың ынтымақ, бірлігінің арқасы.

Салтанатты ту көтеру рәсімі аясында Президент еліміздің әскери оқу орындарының 27 курсантына офицер шенін өз қолымен тапсырды. Жас сарбаздарға отанды қорғау ардың ісі екенін қадап айтты. Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ауған жерінде болған қақтығыстарда 100 мыңдаған отандасымыз ерен ерлік көрсеткені белгілі. Президент олардың даңқты жолын жалғастыру бүгінгі жас сарбаздарға жүктелген қастерлі парыз екенін жеткізді.

 

Тақырып бойынша материалдар

10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
10:34, 21 тамыз 2019
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Толығырақ...
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:16, 21 тамыз 2019
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...