ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ КЕЗЕКТІ КЕҢЕСІ ӨТТІ

22:00, 4 шілде 2019

Жаһандағы қиын экономикалық ахуалды ескере отырып білім беру жүйесін замана талабына сай ету. Бұл мәселеде сарапшылар мен тәжірибелім мамандардың пікрінітыңдау. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шетелдік инвесторлар кеңесінің дәстүрлі 32-ші сессиясы өтті. Бұл жолғы жиынның күнтәртібі Адами капиталын дамытуға арналды. Кеңеске 32 трансұлттық компания мен халықаралық ұйым басшылары, 5 шетелдік бақылаушы қатысты. Кадр даярлау, білім беру ісін жетілдіру жайы жоғары деңгейде сөз болды. Мемлекет басшысы кез-келген елдік, кез-келген компанияның басты құныдылығы ондағы жекелеген ададмдар екенін айтты.

Шетелдік инвесторлар кеңесін ашқан мемлекет басшысы кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды. Кеңеске Baker McKenzie International мен Дойче банктің, Қытай ұлттық мұнай корпорациясының басшылығынан өкілдер кірді. Кеңес күнтәртібі ауқымды. Адам капиталын дамыту. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істің мән маңызы мен  қауіп қатерлеріне тоқталды. 

Бұл мақсатты айтып қана қоймай мемлекет сапалы саясат жүргізуде. Дуалды білім беру мен  болашақ бағдарламасы, мектепке дейінгі, орта және жоғары білім сатысыдағы реформалар соның дәлелі. 3000 білім ошағы салынған. Оның 2000 орта мектеп. Жаһандық экономикалық форум мәліметі бойынша Қазақстан 45 орыннан 31 орынға көтерілген.

Ең  алдымен кәсіптік техникалық колледждер жүйесі жаңартылмақ. Себебі жұмыс берушілердің 70 пайызы мамандарға көңілі толмайды.  Енді мұғалімдердің біліктілігі арттырылып, материалдық техникалық база жаңарады.

Президент үкіметке бұл істе шетелдік әріптетсермен күш біріктіруді тапсырды.   Яғни Қазақстандағы  білім мен тәжірибесі бар трансұлттық кәсіпорындармен байланыс орнату, олардың отанындағы оқу орындарымен академилық байланыс орнату. Үшінші жаңа өндірістер құруда қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Президент кез келген ұжымда, оның ішінде шетелдік компаниялардағы әлеуметтік жауапкершілік мәселесін де көтерді. 

Президент білім берудің жаңа мемлекеттік бағдарламасы жасақталып жатқанын, оның қоғамда кеңінен талқылауды тапсырды. Ең бастысы жаңа бағдарамада тәжірибесі бар сарапшылар мен мамандардың пікірін де қамтуды тапсырды. Елдегі шетелдік инвесторлар бұл жұмысқа атсалысатынны айтты.

Сума Чакрабарти “Еуразиялық қайта құру және даму банкінің” президенті

Мен тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл саладағы ерен еңбегін атап өткім келеді. Нұрсұтан Әбішұлының еңбегінің арқасында Қазақстан кеңестік жүйенің ресурстық елінен  дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды.  Біз Қазақстан нарығында шетелдік инвесторлар кеңесі құрылғанға дейін жұмыс істеуді бастады. Бүгінге дейін 9 миллиард доллардан астам инвестиция құйдық. Бұл әріптестік ары қарай да жалғаса береді.

Бен Ван Берден ROYAL DUTCH SHELL атқарушы директоры:

Бұл тақырыптың биылғы кеңесте, сіздің елдегі жастар жылында қозғалып отырғаны өте құптарлық жайт. Біздің компанияның қаржылай көмегімен Атырауда бірқатар білім жобалары қаржыландырылды. Оның жетістіктерін біз өндірісте қазірдің өзінде көріп жүрміз.

Шетелдік инвесторлардың кеңесінде күнтәртібіндегі басты тақырып бойынша жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов пен үкімет құрамындағы ең жас білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов ақпарат берді. Сондай-ақ өткен жиында көрсетілген мәселелердің орындалу барысы пысықталды.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
12:32, 14 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
16:11, 9 қыркүйек 2019
ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...