ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

11:41, 3 шілде 2020

5 шілдеден бастап енгізілетін шектеу шараларының бұған дейінгі карантиндік шектеулерден айырмашылығы қандай? 14 күнге жалғасатын қатаң шектеулердің қатарында қала араларына блок бекеттер орнату шарасы бар ма? Осы және өзгеде сұрақтарға Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжан мен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Карантиндік шектеулер қатаяды, деген қауесет шыққалы халықтың ойында сан сауал жүр. Алғашқы төтенше жағдай кезіндегідей шаралар қабылдана ма әлде, өзгеше бола ма дегендей. Алдағы шектеулердің қандай болатынын бұған дейін айттық. Егер талаптар орындалмаған жағдайда шектеу мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Белгіленген 14 күн аралығында аталған шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізіліп, нақты қорытындылар шығарылып отырады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін.

Айта кетерлігі, қалалар мен өңірлер арасында блок бекеттер орнатылмайды. Сонымен қатар, аймақтар арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтатылады. Мұндай қатаң шараларды енгізудің себебі бар.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Вирустың ел ішінде кең таралуының екінші негізгі себептері бар деп айтуға болады. Осы орайда адамдар ескертуге құлақ аспай жүр десем артық емес. Әлем бойынша бұл індетті 10 миллионнан астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің елде тығылып той тойлап, бетперде тағуды әлі де ұят санайтындар жоқ емес.

Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғандар жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 83 мың теңге, ал кәсіпкерік субьектілеріне 600 мың теңгеден астам айыппұл салынады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...