ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ШЕКАРАДЫ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ АРТАДЫ

10:26, 14 қыркүйек 2018

Мәжіліс Қазақстан, Түрікменстан мен Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы заң жобасы мақұлдады. Айта кетейік, осы шарт - Қазақстанның мемлекеттік шекарасын делимитизациялауды толығымен аяқтайтын соңғы құжат.

Бұл шартқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен үш елдің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде 2017 жылғы 10 қарашада Самарқанд қаласында қол қойды. Басты мақсаты - Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесін айқындау. Осы үш елдің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі Үстіртте орналасқан. Шекаралардың түйісу нүктесі орналасқан жері және шекара сызығының өтуі - шарттың ажырамас бөлігі. Түйісу нүктесінің орналасқан жері және түйісу нүктесі ауданында шекара сызығының өтуі - сипаттамасында, түйісу нүктесі ауданының картасында көрсетілген. Сонымен қатар жалпы отырыста қазақ-қырғыз шекарасын шегендеу жөнінде шарт ратификацияланды. 

ЗӘУРЕШ АМАНЖОЛОВА, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

Қазақ-Қырғыз шекарасында  8 өткізу пункті жұмыс істейді.+Жолаушылар мен көліктің қарқыны көп. Әсіресе курорттық маусым кезінде өседі. Екі елдің азаматтары ұзақ уақыт кезекте тұруға мәжбүр. Оңтайланыдур бойынша қандай іс шаралар қолға алынды?

МҰХТАР ДІЛМАНОВ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры

Құжат тексеретін орындардың санын 36 ға ұлғайттық. Бұл мәселені шешуге сеп болады деп ойлаймыз. Сол арқылы ұзын сонар кезектен арыламыз.

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
18:36, 12 шілде 2019
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...