ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ САММИТІ

19:10, 14 маусым 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанынан ақпараттық қауіпсіздік бойынша орталық құруды ұсынды.

Бішкекте өтіп жатқан саммитте президент өз баяндамасында бірқатар жаңа бастама көтерді. Мәселен, қоршаған ортаны аялау мақсатында ұйымға мүше мемлекеттерді елордадағы халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен әріптестік орнатуға шақырды. Ал көлік-транзиттік альянс құру үшін бақылаушы мемлекеттерді Нұр-Сұлтан қаласында өтетін теміржол компаниялары жетекшілерінің екінші кездесуіне қатысуға шақырды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына «халықаралық аренадағы ең тиімді әрі беделді бірлестіктердің бірі» деген бағасын берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақстан әлемде қалыптасқан таптаурындарды бұзып, ашықтық және тең құқықтық әріптестік орнату қағидаттарын ұстанады. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ, АСЕАН, БРИКС пен Еуроодақ ШЫҰның сенімді серіктестері бола алады. Сондай-ақ экономикалық өсімнің тежелуі мен әлемдік нарықтағы қаржылық тұрақсыздықты ескере отырып, ШЫҰ-ның экономикалық әлеуетін ұтымды пайдалануға болады. Бұл бағыттағы сегізжақты әріптестікті орнатарда Еуразиялық қаржылық кеңестік механизмдерден үлгі алуға болады. Бұл құрал күн тәртібіндегі экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік берер еді.

Тақырып бойынша материалдар

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
19:41, 6 желтоқсан 2019
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
19:14, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
12:24, 30 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...