ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ

15:22, 22 мамыр 2020

Қазақстанда партия құру процедурасы едәуір жеңілдейді. Бүгін Сенат «Саяси партиялар» және «Сайлау» туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, саяси партияларды тіркеу үшін бұрынғыдай 40 мың емес, 20 мың мүшесінің болғаны жеткілікті.

Бұған қоса, партияларды мәжіліс және мәслихат депутаттарына кандидаттардың тізімін жасақтау кезінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттейді. Қазақстанда 20-29 жас аралығындағы жастардың үлесі 3 миллион шамасында. Олардың тек 53і ғана мәслихат депутаты. Яғни жастардың мәслихаттағы үлесі 1,5 пайыз. Депутаттардың есебінше әйелдер мен жастардың үлесі артқан сайын қабылданған саяси шешімдердің сапасы да арта түседі.

Мәулен Әшімбаев, ҚР парламенті сенатының төрағасы:

Қабылданған заңдар көп партиялық жүйені одан әрі нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз. Мұндай өзгертулерді демократиялық даму жолындағы нақты қадам деп қарастыруымыз керек. Олар саяси жүйемізді әрі қарай дамытуға үлес қосады деп сенеміз.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
10:00, 25 мамыр 2020
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
15:24, 22 мамыр 2020
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ ЕЛОРДАДА 13 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
15:20, 22 мамыр 2020
БИЫЛ ЕЛОРДАДА 13 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...