
Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірнеше депутаты тағайындалды.
Дариға Назарбаева мен Мұхтар Құл-Мұхаммед сенат депутаттығына қайта сайланса, Андрей Лукин, Ләззат Сүлеймен, Асқар Шәкіров, Қанатбек Сафинов және Дана Нұржігіт пен Нұртөре Жүсіп сенат депутаттығына жаңадан тағайындалды. ТЕМА-2 Сондай-ақ депутаттық мерзімі аяқталған Сергей Громовтың, Георгий Кимнің, Дулат Қосдәулетовтің, Рашид Түсіпбековтің және Бірғаным Әйтімованың өкілеттіліктері тоқтатылды. Айта кету керек, заңға сай сенаттың 15 депутатын президент тағайындайды