ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

САЙЛАУДЫҢ АЛДЫН-АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

19:11, 10 маусым 2019

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын-ала қорытындысын жариялады. Оған сәйкес "Нұр Отан" партиясынан саяси додаға түскен, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті. Оған 6,5 миллионнан астам ел тұрғындары дауысын берген.

Жалпы биылғы сайлауға дауыс беруге құқы бар қазақстандықтардың 77,4 пайызы қатысты. 

Константин Петров орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249  дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 процент дауысын, Дания Еспаева 478 153  дауыс немесе 5,2 процент дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе  сайлаушылардың 16,02 процент дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 процент, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе 2,07 процент, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 процент дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын  жинады.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТАДЫ
15:16, 19 маусым 2019
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар