ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

15:31, 11 маусым 2019

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауындағы дауыс берудің нақты қорытындысын жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6,5 миллионнан астам адам дауыс берген. Яғни, 70,96 пайыз көрсеткішімен жеңіске жетті. Жаңадан сайланған президентті ұлықтау рәсімі ертең 12 маусым күні өтеді.

Ләззат Сүлеймен ҚР ОСК мүшесі:

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 167 649 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы дауысының 1,82 процентін, Дания Еспаева 465 714 дауыс немесе барлық сайлаушылардың дауысының 5,05 процентін, Әміржан Қосанов 1 495 401 дауыс, яғни барлық сайлаушылардың дауысының 16,23 процентін, Төлеутай Рахымбеков 280 451  дауыс немесе жалпы сайлаушылардың дауысының 3,04 процентін алды. Сондай-ақ Амангелді Таспиховқа 182 898 дауыс берілді, бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,98 проценті, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 539 715 дауыс немесе сайлаушылардың 70,96 проценті дауысын берді. Сәді-Бек Түгел 84 542 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы санының 0,92 процентінің дауысын алды», - деді ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Тақырып бойынша материалдар

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
19:41, 6 желтоқсан 2019
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
19:14, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар