ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

САЙЛАУ-2021: МӘЖІЛІСКЕ ҮШ ПАРТИЯ ӨТТІ

13:21, 13 қаңтар 2021

Елімізде кезекті саяси науқан мәресіне жетті. 7 пайыз межені бағындырған жеңімпаз үшеу. ОСК мәліметіне сай: «Нұр Отан» айқын жеңіске жетіп, 76 орынды иеленді.

«Ақ жолдықтар» 12 мандатқа ие болса, «Қазақстан халық партиясы» 10 орынды місе тұтпақ. Төменгі палатада ұзын саны 107 депутат бар. Оның 98-інің аты-жөнін осы үш партия өздері ұсынады.

Константин Петров, ҚР ОСК төрағасының орынбасары 

 Депутаттық мандаттарды бөлу ретін саяси партияның басқарушы органы - сайлау туралы заңға сай партиялық тізімге енген кандидаттардың арасынан сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап, 10 күннен кешіктірмей ұсынады. Қандай да бір себеппен, партия тізім ұсынбаған жағдайда ОСК қаулысымен мандаттарды бөлу мемлекеттік тілдің әліпби ретімен тіркелген тізіміне сай жүзеге асады.

Демек, алдағы 10 күнде сайланған халық қалаулыларының аты жөні анықталады. Айта кетейік, сайлау учаскелеріне ел бойынша 7,5 млннан астам адам келіп, таңдау жасаған. Бұл электораттың 63 пайызы.

Берік Имашев, ҚР ОСК төрағасы:

Бүгін біз елде соңғы үш айға созылған сайлау науқанын аяқтадық. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы Президент Жарлығының орындалуын қамтасыз етті. Сайлаудың соңғы қорытындылары шығарылды, депутаттар сайланды.

Қорытынды шықты. Мандат бөлінді. Ел дамуының ертеңгі жауапкершігі енді төменгі палатаның жаңа құрамына жүктеледі.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
22:05, 15 қаңтар 2021
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЛАУАЗЫМЫНА АСҚАР МАМИННІҢ КАНДИДАТУРАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
22:03, 15 қаңтар 2021
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЛАУАЗЫМЫНА АСҚАР МАМИННІҢ КАНДИДАТУРАСЫ МАҚҰ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ФРАКЦИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:55, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ ФРАКЦИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
19:32, 11 қаңтар 2021
ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...