ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚЫТАЙҒА САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА

15:13, 12 қыркүйек 2019

Қасым-жомарт Тоқаевтың Қытай халық республикасына мемлекеттік сапары жалғасуда. Бүгін таңертең президент Бейжіңдегі халық батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аталған ескерткіш 19-шы, 20-шы ғасырда ұлт азаттығы үшін күрескен революционерлердің рухына арналған.

Мемлекет басшысы сондай-ақ жалпықтайлық халық өкілдерінің жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті. Президент екі елдің парламентаралық байланыстарын ілгерілетуде жуырда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразия спикерлері форумының маңызына тоқталды. Сондай-ақ мемлекеттік сапар сәтті өтіп жатқанын және өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Құрметті Ли Чжаньшу мырза, біз бүгін бірінші рет кездесіп отырмыз. Өте қуаныштымын. Шын мәнінде кешегі сапарымыз өте ойдағыдай өте жемісті болды деп айтуға болады. Осы сәтті пайдаланып, Қытай халық республикасының 70 жылдық мерейтойымен сізді және бүкіл қытай халқын құттықтаймын.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
10:55, 20 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...