ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ

10:38, 17 наурыз 2020

Жер жаһанға жайылған жұқпалы дертке байланысты президент жарлығымен елімізде төтенше жағдай енгізілді. Мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттері, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режим күшейтілді. Қазақстан аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды.

Сауда-ойын орталықтарындағы кинопарктер мен балаларға арналған алаңдары, мәдени нысандар уақытша жабылды. Оқушылар мен студенттер қашықтан оқу жүйесіне көшті. Бұл режим 30 тәулік сақталады. Осынау сын сәтте бірлігімізді күшейтіп, жауапкершілікті арттырған жөн. Жауапты органдар дерттің дендемеуін қадағалайды. Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ол үшін тиісті қаражаттың бар екенін, сақтық шаралары қарастырылғанын жеткізді. Әлемді әбігерге салған індет пен оның салдары күннен-күнге ушығып барады. Коронавирус жаһандық экономикаға да кері әсер етіп отыр. Осыған орай Қазақстанда әлеуметтік тұрақсыздық пен жұмыссыздықты болдырмау үшін президент қосымша шаралар қолданатынын жариялады. Отандық кәсіпкерлерді қолдап, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін Ұлттық қордан 300 млрд теңге бөлінеді. Індетпен күресуге де қаржы жеткілікті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест-жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Сақтанғанды Құдай сақтайды.  Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді.

Ал індеттің кері әсері мейлінше аз болуы тұрғындардың өзіне байланысты. Сондықтан мемлекет басшысы мереке алдындағы осындай шараларға түсіне қарап, отбасылық той-томалақты да өткізбеуге үндеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады. Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Осы орайда, азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді. Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек.

Сондай-ақ төтенше жағдай режимі бизнеске берілетін кредиттің азаюына әкелмей, өндіріс қарқыны бәсеңдемес үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қосымша қаржы құйылады. Президент «мемлекеттің тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар» туралы Жарлыққа да қол қойды. Ал бұл құжат осынау сын сағатта мемлекеттік органдардың тиімділігін арттырып, тиісті шараларды, қажет болса, салық саласындағы шешімдерді де шұғыл қабылдауға мүмкіндік береді. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ: ЕГІС НАУҚАНЫ МЕН МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ
12:00, 27 мамыр 2020
ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ: ЕГІС НАУҚАНЫ МЕН МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖАЙ...
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
11:53, 27 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...