ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ

16:50, 10 шілде 2020

Қазақстан коронавируспен күресті жалғастырады, деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, өзінің халыққа арнаған үндеуінде мәлімдеді. Президент қазіргі таңда, қоғамды толғандырып жүрген сұрақтарға тоқталды. Олардың қатарында – тұрғындар мен медициналық мекемелердегі дәрі-дәрмектің тапшылығы, ауруханалардағы төсек-орынның, тестілеудің тәуліктік нормасының көбеюі сұрақтары бар. Өкінішке қарай, мынау алапат індет қазақстандықтардың өмірін қиюда, деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Көптеген елдердегі жағдай  бізден де қиын. Дегенмен «Әр қазақ менің жалғызым» дегендей әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мына алапат індет арамыздан талай асылдарды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13-шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын.  Бірақ біздің күресіміз жалғаса береді. Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас. Алайда уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды. Салмақты, сабырлы болайық.


 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...