ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

17:58, 26 наурыз 2020

Бүгін президент Қасым-Жомар Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды. Ондағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты. Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына ДНҚ жасанды синтез жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция негізіндегі тест жүйесін таныстырды. Аталған тест жүйесі шетелдік диагностикалық құрал-жабдықтармен салыстыру кезінде өзінің жоғары сезімталдығын көрсеткен.

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина жасау жұмыстарын бастап кетті. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың жұмысымен танысып, биолог ғалымдардың еңбегін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Шын мәнінде, бұл зертхана Қазақстан үшін бірегей саналады. Біз сіздердің ғылыми жұмыстарыңызға зор үміт артамыз. Қажетті көмек беріледі. Вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмыстарына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті.

Өкінішке қарай, түрлі желіде түрлі теріс ақпар тарап жатыр. Бірақ, бұл дүрбелеңнің дүлей дауылын тұрғызуға сеп емес. Салғырттықтың ізін шолып жүрген вирус – тап сол дүрбелеңде күш алады. Осыны ескерткен президент карантин талаптарын сақтап, үрейге бой алдымау керектігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Көне заманнан келе жатқан бір үрдіс бар, вирустар, індеттер дүрбелеңге ұшыраған адамдар жұқтырады. Сондықтан, бәріміз бірге болып, оптимизммен болашаққа қарауымыз керек. Індет деген өтпелі нәрсе.Бүгін бар, ертең жоқ. Сондықтан жақсы көзқараспен болашаққа қарауымыз керек. Болашағымыз кәміл болады деп мен кәміл сенемін.

Вирус жұққанымен, жыққан жоқ. Президент індеттің ілмегіне ілінген азаматтарға барынша қамқорлық көрсетілетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Ауырып қалған адамдарды емдеу керек жақсылап тұрып, олар шетте қалмай бәріміз соларға қамқорлық жасауымыз керек. Міндетті түрде.  Олар біздің қоғамымыздың бір бөлігі, азаматтарымыз сондықтан жақсылап тұрып ем алуы керек.

Президент орталық жұмысымен танысу барысында індетке қарсы елде атқарылып жатқан шараларға тағы бір тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Салықтық жеңілдіктер мен кредит жүктемелерін төмендету шараларын есептемегенде, дағдарысқа қарсы жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 10 миллиард доллардан асады. Бұл - бұрын-соңды болмаған сома. Біздің алдымызда қазір осы қаражатты өте тиімді жұмсау міндеті тұр. Біз осы бағыт бойынша жұмыс істейміз. Жағдай бақылауда, азаматтар мемлекеттің қамқорлығын сезінуде. Бұл - біздің жұмысымыздың негізгі басымдығы.

Бұған дейін отандық ғылыми орталықтар қысқа мерзім ішінде құс тұмауы мен доңыз тұмауына да қарсы вакциналар әзірлеген. Олардың кейбірі шетелге дейін сатылған.

Тақырып бойынша материалдар

8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
12:22, 26 мамыр 2020
8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
12:02, 26 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...