ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВ ШЕТЕЛ ЕЛШІЛЕРІНЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

10:39, 29 маусым 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Қазақстандағы миссиясына жаңадан Тайланд, Иордания корольдіктерінің және Венесуэла республикасының елшілері кірісіп жатыр.

Ресми шарадан соң  президент елшілердің әрқайсымен екіжақты кездесу өткізіп, ынтымақтастықты нығайту үшін қажет қадамдарды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланғаннан кейін алғаш рет сенім грамоталарын қабылдап жатыр. Осы миссияны алғашқы болып орындау Тайланд корольдігінің Елшісі Расс Джаличандраға бұйырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Біздің елдер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени болсын, жалпы барлық саладағы қарым-қатынасымыз мығым. Сіздерге жаңа премьер-министр келіп жатыр. Құттықтаймын.  Екі ел үкіметі бұрыннан қалыптасқан достықты сақтай отырып, байланысты одан әрі дамытады деп сенемін.

Расс Джаличандра, Тайланд корольдігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін сенім грамтотасын тапсырған бірінші Елші болу мен үшін үлкен мәртебе. Сондай-ақ Тоқаев мырзамен қысқаша әңгімелестік. Биыл Бангкок пен Нұр-Сұлтан қаласы арасындағы достықтың 15 жылдығы. Осыған орай қазіргі уақытта Таиланд Елшілігі Нұр-Сұлтан қаласы күні атап өтуге дайындалып жатыр.

Иорданиямен де Қазақстанның қарым-қатынасы тығыз. Екі ел арасында үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Мәдениет, білім және өзге де салаларда бірқатар келісім жасалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Сізді Қазақстандағы миссияңызды басталуымен құттықтаймын. Біздің елдер арасындағы достық қарым-қатынас арадағы экономикалық, мәдени, басқа да салалардағы ынтымақтастығымызды нығайтуға сеп болатынына сенімдімін.

Юсуф Абдельгани, Иордания корольдігінің қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иорданиямен жақсы қарым-қатынас орнату жолындағы еңбегі орасан зор. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Иордания Корольдігімен арадағы қарым-қатынасты одан ары дамытуға дайын екенін атап өтті.

Ал Қазақстан мен Венесуэла арасындағы байланыс қағаз жүзінде бұрын бекітілгенімен, тығыз ынтымақтастық енді орнатыла бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Сіздердің президенттеріңіз Мадураға Қазақстанда Венесуала елшілігін ашып, сізді елші қылып жібергені үшін ерекше ілтипатымды білдіремін.

Энрике Антонио Акунья Мендоза, Венесуэла республикасының төтенше және өкілетті елшісі:

Қазақстандағы біздің миссиямыздың басты мақсаты – қос ел үкіметтері арасындағы саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық ынтымақтастықты нығайту, халықтарымыздың арасындағы достық қарым-қатынасты күшейту.

Өз кезегінде Венесуэла елшісі Қазақстанның жаңа тарихи кезеңді өткеріп жатқанын атап өтіп, президентке қызметінде сәттілік тіледі.

Тақырып бойынша материалдар

10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
10:34, 21 тамыз 2019
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Толығырақ...
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:16, 21 тамыз 2019
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...