ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА ҚОРЛАРЫ ТАУСЫЛЫП ЖАТЫР

09:38, 19 ақпан 2020

Елімізде пайдалы қазба қорлары сарқылып, кен орындары таусылып жатыр. Тіпті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі алдағы уақатта мұндай қорлардың саны күрт артуы мүмкін дейді. Сондықтан шұғыл түрде геологиялық зерттеу жұмыстарын жандандырып, жаңа кен орындарын табу қажет деп отыр. Жалпы елімізде қанша кен орны бар? Маңызды қазба байлықтар қанша жылға жетуі мүмкін?

Еліміздің жер қойнауы қазба байлықтарға бай. Бірақ оны өңдегенді қойып, дұрыс өндіре алмай отырмыз. Мұны мемлекет басшысы да айтып, геологиялық дамудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді. Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі сол маңызды құжаттың тұжырымдамасын Үкіметке алып келді. Ауқымды жобаның қолға алынуы бекер емес. Өйткені ондаған жылдар бұрын ашылған кен орындары шетінен таусылып жатыр. Мәселен Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндіру көлемі 1 млн тоннаға азайған. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында да қара алтын өндірісінің көлемі көңіл көншітпейді. Ал, Шығыс Қазақстандағы жағдай тіпті қиын. Мұнда Шемонайха, Зырян елдімекендерінде ірі қорғасын-мырыш кен орындарының қоры түгелдей таусылып, жабылып қалған. Әрі олардың қатары жақында тағы толығуы мүмкін.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

Ал 2025-2040 жылдарға таман Орловское, Малеевское, Тишинское, Риддер-Сокольное сияқты кен орындарында да пайдалы қазба қорларының толықтай сарқылады деп күтілуде. Геологиялық саланың алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі қорлардың толықтыру деңгейінің төмендігі.

Яғни сарқылған қордың орнына уақытында жаңасын ашпаймыз дейді министр. Бұлай жалғаса берсе экономикасы мұнай мен газ секілді шикізатқа тәуелді Қазақстан үшін ауыр соққы болуы ғажап емес.  Сондықтан МағзҰм Мырзағалиев геологиялық зерттеулерді кешіктірмей бастау керек дейді. Өйткені, пайдалы қазбаны тауып, оны өндіру үшін де 10-15 жыл қажет. Премьер-министр де мәселені қазірден қолға алып, алдын ала қамдануды тапсырды. Оның үстіне бұл инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Жаңа кен орындарын ашқан кезде жаңа өндірістік кешендер құрылады. Бұл 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартып, 20 мыңға жуық жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізген кезде геофизикалық зерттеу мен жерді қашықтан зонттар арқылы бақылау секілді жаңа әдістерді қолдану керек. 

Ал геологтар ашылған кен орындарының сарқылуы - қазба байлықтардың таусылуы деген сөз емес дейді. Айтуларынша қазақстан жерінің 23 пайызы ғана зерттелген. Сондықтан еліміздегі табиғи ресурстар жүздеген жылдарға жетеді дейді.

Балтабек Қуандықов, ардагер геолог:

Мысалы зерттелгенде жердің беті ғана зерттелуі мүмкін. Ал оның астында бар ғой. Кезінде біздің экономикалық жағдайымызға немесе техникалық жағдайымызға байланысты терең қабаттарды дұрыс зерттей алмаған болармыз. Соны қазір қарауымыз керек әрі қарай.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
20:48, 2 сәуір 2020
ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...