ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ӨТЕМАҚЫ МЕДҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНБЕГЕН

21:34, 2 қазан 2020

Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің көбі әлі күнге өтемақы ала алмай жүр. 22-ші қыркүйектегі жағдай бойынша ауруға шалдыққандардың 14%-ына, қайтыс болған мед қызметкерлердің 13%-ына ғана төлем жасалған.

Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының отырысында палата төрағасы мәлімдеді. Нұрлан Нығматулин сала министрінің есебін "сандарды сапыру",-деп сынға алды. Алексей Цойдың ақпарына сай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 4064 өтініш түскен. Жалпы кәсіби міндетін атқару кезінде 8 мыңнан аса дәрігер індет жұқтырған. Өтемақыға қол жеткізе алмаудың бір себебі – өңірлік комиссиялар мақұлдамаған. Бұған өтініммен қоса 5 жыл бұрын бекітілген эпидемиологиялық зерттеу картасы берілуі тиіс екен. Ал ондағы талаптар коронавирустың нақты белгілерін көрсетпейді.  
Нұрлан Нығматулин, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы:

Коронавирус пандемиясы кезінде, ең алдымен, мемлекеттік аппараттың шешімдері өте жедел де кәсіби болуы тиіс. Бұған партиямыздың Көшбасшысы-Елбасы және Мемлекет басшысы ерекше назар аударады. Індетке шалдыққан медицина қызметкерлері мен қайтыс болғандардың отбасыларының төлемақысына қатысты, анықтап айтқанда, төленбеу жағдайы құзырлы министрліктердің әлеуметтік бөлімдері арасында өзара іс-қимылдың жоқтығы мен ойластырылмаған қадамдарының нәтижесі.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
22:39, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ  ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
22:37, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТК...
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
21:04, 22 қазан 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар