ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ОРТАҚ НАРЫҚТА ОЗАТ БОЛУ

15:33, 9 ақпан 2019

Биыл Еуразиялық экономикалық одақ келісім шартына қол қойылғанына 5 жыл. Осы аралықта ортақ нарықты қалыптастыруда қыруар жұмыс атқарылды.

Алда әлі де бірлесіп жүйелейтін қызметтер жетерлік. Бұл алдымен тауар тасымалдауды цифрландыру арқылы басқару. Ал жалпы сауда саясатын жақсарту барлық елдің басты мәселесі. Сондықтан жүздеген миллион тұтынушысы бар нарықты жаулау – негізгі міндеттердің бірі болуы керек,-делінді Сенат қабырғасында өткен Үкімет сағатында.  Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығына бизнес қауымдастықты тарту маңызды. Өйткені нарықтың ауқымына қарай пайдасы да мол болады. Сондықтан сол мүмкіндіктерді Үкімет тәптіштеп көрсетіп, жөн сілтеп отыруы тиіс,-деді сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. Алайда экспорттық әлуетті көтереміз,-деп бағаның көтерілуіне жол бермеу керек. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясында газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары құрылады. Біз ішкі нарықтағы жанар жағармайдың бөлшек сауда бағасының өсуіне жол бермеуіміз керек.

Еркін сауда айналымында айтарлықтай жетістік бар. Тек 2018 жылдың 11 айында алыс-беріс 17,1 млрд долларға жеткен.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

Аталған мерзімде экспорт 10 пайызға өсіп, 5,3 млрд долларға, ал импорт 4,6 пайызға ұлғайып, 11,8 млрд долларға жетті. Экономикалық одақ елдерімен инвестициялар ағыны да өсуде. Былтырғы үш тоқсандағы қорытынды бойынша инвестициялар 31%-ға, яғни 1,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Дегенмен үлкен нарыққа дендеп ене алмай жатқан шаруалар да бар. Егіс алқабын әртараптындыруды қолға алған Қостанайлық кәсіпкер кедергі Ресейден,-дейді. Және де негізсіз. Себебі өңір тері қабынуы бақылауындағы аумақ болған соң ірі қараның бәріне екпе жүргізілуі тиіс. Бірақ көрші елдің талап етіп отырғаны өздерінде тіркелмеген люмпивакс вакцинациясы. Сондай-ақ шекаралас жерлерде ветеринарлық тексеріс жүйесіз жүргізілетінін айтты.

ДӘУЛЕТ АХМЕТҚАЛИЕВ, «ЗЕРНОВАЯ ИНДУСТРИЯ» АГРОХОЛДИНГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Қазақстан Одаққа тең құқылы қатысушы. Мемлекетаралық шарттарды толық орындап отыр. Сөйте тұра Ресей тарапынан қисынсыз қысымдар жасалуда. Салдарынан тірі малды союға жібере алмаймыз. Ал біздің өніміміз сапалы, оған сұраныс та жоғары. Саудамызды еркін жүргізе алмай отырмыз.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Уақытты текке кетірмес үшін және барлық тарап тездетіп шешім шығару үшін ол шектеулерді сол бойы қарсы пайдалану керек,-деп есептеймін. Сол күні-ақ. Тауарларымызды өзге мемлекеттерге өткізбесе біз де сондай әрекетке бару керекпіз. Ештеңе күтпей жедел сөйтуге тиіспіз. Сосын барып мәселені шеше берсін. Осылай дұрыс болады,-деп ойлаймын.

Сондай-ақ сенат депутаты экономикадық одақ аясындағы ірілі-ұсақты проблемаларды күнбе-күн талдап отыратын орган құру қажет,-деді. Себебі министрлік түйткілдердің түбіне терең үңіле бермейді. Ал жаңағы орган әр сейсенбі үкімет отырысына сараптамасын дайындап отырса,-делінді. Сондай-ақ Дариға Назарбаева сауда министрлігін құру туралы да ұсынысын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

РАСШИРЕННОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПОЛИТИЧЕСКОГО СОВЕТА ПАРТИИ «NUR OTAN»
09:31, 22 тамыз 2019
РАСШИРЕННОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПОЛИТИЧЕСКОГО СОВЕТА ПАРТИИ «NUR OTAN»
Толығырақ...
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
10:34, 21 тамыз 2019
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:05, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...