ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ

20:09, 9 тамыз 2020

Сонымен қатар, орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бюджеттік инвестициялар есебінен 611 млрд.теңгеге шамамен 937 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқаны хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев атап өткендей, жарты жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік инвестициялар есебінен 4 700 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл ретте отандық кәсіпорындардан 159 млрд. теңгеге құрылыс материалдары, жабдықтар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды. Сонымен қатар, инфрақұрылым салу кезінде негізгі материалдардың құрылыс өніміне қажеттілігі 934 млрд.теңгені құрайды. Отандық кәсіпорындар 586 млрд. теңгеге құрылыс материалдарын өндіреді, 348 млрд.теңгеге импортталады. Нарықтағы импорт үлесі 37% құрайды.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі:

Биыл бітетіндей болса толығымен 100 пайыз Қазақстан өз өнімімізбен өз шынымызбен, өз керекті заттарымызбен толығымен қамтимыз. Нұр-Сұлтан қаласында полиэтилен құбырларының өндірісі іске қосылып жатыр. Керамика және арматура өндірістерін ұлғайтуда. Арматурный тараза зауыты солар іске асырып жатын.

Спикер сондай-ақ, қазіргі уақытта 33 жаңа жоба, оның 8-і импортты алмастыру бойынша іске асырылып жатқандығын хабарлады. Бұл импорт үлесін 15% - ға төмендетуге және тұрғын үй құрылысында қазақстандық қамту өнімінің қолданылуын 90% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар