ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНАН КӨШ КЕЛДІ

15:33, 3 маусым 2019

Екібастұз қаласына Елордадан көштің үшінші легі келді. Бұл жолы кеншілер қаласына көпбалалы 19 отбасы келіп қоныстанды. Олар бірден баспанамен қамтамасыз етілді. Пәтер кілттерін аймаққа іс сапармен келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев табыс етті.

«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан қоныс аударған кезекті көшпен 100-ден аса адам Екібастұзға қоныс аударды. Өзге аймақтардан жұмыс күшін тарту жобасына биылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы да енгізілген. Мамыр айынан бері кеншілер қаласына көштің үшінші легі келіп жетті. 

Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:   

Бүгінгі келген ағайындарға мынау Екібастұз жеріне қош келдіңіздер дейміз. Барлықтарыңызға біз енді жағдай мүмкіндік жасаймыз. Қазіргі жаңағы айтқан Еңбек мемлекеттік бағдарламасы бойынша осында көшіп келген кісілерге біраз жәрдем жасалынады.

Нұр-Сұлтаннан қоныс аударған көп балалы 19 отбасы бірден үш бөлмелі пәтер кілтін алды. Төрт бала тәрбиелеп отырған Анафиндер отбасы елордада тұрғын үйдің жерасты қабатында бөлме жалдап келген.

Анар Анафина, қоныс аударушы:

Алты жыл бойы сол цокольный этаж дейді ғой, астыңғы қабатта бір бөлмеде тұрдық. Сол жерде жатып сол жерде тамақ пісіреміз. Сол жерде бір кішкентай бөлмеде төрт бала шағаммен өмір сүрдік. Осы күнге жеткізгеніне рахметімді айтамын. Жаңа қуаныштан жылап жібердік жолдасым екеуіміз.  

Нұр-Сұлтан қаласынан қоныс аударған отбасылардың 90 пайызы көптен бері Елордада пәтер кезегінде тұрған. Қоныстанушылар баспанамен қатар, жұмыспен қамтылып, балалары балабақшаға тегін барады.

Ерлан Каналимов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары: 

Жұмыспен қамтылады бәрі. Мына үйлерді көрдікіздер кең ғып салынған үш бөлмелі бәрі. Осы бағдарлама біткен соң, екі бөлмелі пәтерлерге де көшіре бастаймыз. Басқа да өңірлермен араласып, жұмыс бастаймыз. Өйткені, Нұр-Сұлтан қаласы жаңағы Еңбек бағдарламасына өзгеріс енгізіліп соған қосылған болатын.

Мамыр айынан бері Екібастұзға Нұр-Сұлтан қаласына осымен 54 отбасы қоныс аударып үлгерді. Көшіп келушілер көбінесе көп балалы жанұялар болғандықтан балалардың саны 200-ден асады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
19:41, 6 желтоқсан 2019
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
19:14, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар