ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

19:41, 6 желтоқсан 2019

«Мұнай - газ саласындағы әлеуметтік серіктестік». Осындай атаумен Инвесторлар үйінде семинар өтті. Кездесуге қатысушылар, оның ішінде Нұр-Сұлтаннан келген қонақтар мәртебелі меймандар еңбек жанжалдарының алдын-алу, әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында қол қойылған жаңа салалық келісімді сөз етті.

Энергетика министрлігінің, сондай-ақ мұнай-газ кешенінің қазақстандық салалық кәсіподағының өкілдері Елордадан Павлодарға келді. Басты мақсат, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы мәселелерге қатысты пікір айту. Көтерілген тақырыптар ішінде 2020-2022 жылдарға арналған жаңа салалық келісім бар.

Сәтжан Кәрімов, ҚР энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті басшысының орынбасары:

Бұл разрядты коэффициентті арттыру, жалақыны аз мөлшерде көтеру, еңбек жағдайларын және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелерді қарастыру, жұмыс беруші үшін де, қызметкерлер үшін де маңызды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек өз кезегінде өңірдегі жұмысшылардың құқыртарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Ұлан Жазылбек, облыс әкімінің бірінші орынбасары:  

Еңбек дауларын болдырмау, шиеленіске жол бермеу, проблемалық мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта облыс бойынша жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың басынан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындарды толық тоқтату фактілері жоқ, әлеуметтік еңбек қақтығыстары тіркелген жоқ.

Нұр-Сұлтаннан келген жұмыс тобы еліміздің бірнеше қалалары мен өңірлерін аралап, осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жиынның модераторлары олардың жұмысының негізгі аспектілерінің бірі – кәсіпорындармен және қарапайым қызметкерлермен тығыз ынтымақтастық жасау екендігін алға тартты.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
21:02, 13 шілде 2020
13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ІНДЕТТЕН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫҢ ЖАҚЫНДАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
20:54, 13 шілде 2020
ЕЛБАСЫ ІНДЕТТЕН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫҢ ЖАҚЫНДАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар