ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МИНИСТРДІҢ ІС САПАРЫ

15:28, 3 маусым 2019

Ертіс-Баян өңіріне Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев арнайы іс-сапармен келіп кетті.

Министр облыс орталығында орналасқан «Нефтехим» кәсіпорнындағы жұмысшылармен кездесті. Ол, сонымен қатар футболдан балалар командалары арасындағы халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысып, балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шеруді тамашалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Павлодар қаласының орталық жағалауындағы 7000 оқушының басын біріктірген оркестрлер мен хореографиялық ансамблдері шеруінің құрметті қонағы болды. Кейін меймандар «Нефтехим LTD» кәріпорнына ат басын тіреді. Бұл жерде жылына 50 млн биг-бэг қаптары шығарылады. Мәртебелі мейман зауыт ішіндегі техникалық қауіпсіздік мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, кәсіпорындағы әлеуметтік жағдайға баса назар аударды.

Сондай-ақ, сапар барысында министр «Жұлдыз» стадионына да ат басын бұрды. Бұл жерде қонақтар «ERG» сыйлығын сарапқа салған балалар командалары арасындағы халықаралық турнирдің куәсі болды. 

Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Спорттың – адам, мемлекет үшін қандай маңызы бар екен. Неұрлым біз спортпен көп айнасыссақ, соғұрлым, денсаулығымыз мықты болады. Ұзақ өмір сүреміз. Мемлекетіміздің абыройы, беделі өседі. Біздің ата-аналардың міндеті, парызы балаларын спортқа үйрету. Тәрбиелеу.

Халықаралық турнирде  8 команда бас сынады. Павлодар, Қарағанды, Семей, Нұр-Сұлтан, сондай-ақ Ресейдің Барнауыл мен Омбыдан облыстарынан қатысушылар болды.

 

Зұлқарнай ЕРҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
10:16, 11 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...