
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін жиналған барлық қазақстандықтардың бірлігін атап өтті. Палатаның жалпы отырысын ашқан Мәжіліс спикері барлық депутаттық корпустың атынан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бастап осы оқиғадан тыс қалған жоқ. Депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударды. Кешеден бастап бір топ депутат халықпен кездесу үшін Арыс қаласына барған. Баршамыздың ниетіміз осы Арыс қаласының тезірек қалпына келіп, тұрғындар жағдайының тезірек жақсаруы - деді Нұрлан Нығматулин.
Бақытжан Ертаев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
"Сақтықта қорлық жоқ" дедйі ғой. Сол себептен сақ болуымыз керек. Жақсылап тұрып бақылап, бұның нәтижесін шығарып, біздің Парламенттегі көп депутаттар сол Арыста. Өзіміздің берген көмектерімізді сол елге жеткізіп жатыр. Хабарласып, сөйлесіп жатырмыз.