ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

18:36, 12 шілде 2019

Парламент Мәжілісінің Депутаттары павлодарлық ардагерлермен кездесті. Жиында жергілікті ақсақалдарды толғандыратын бірнеше мәселе талқыланды.

Тыл еңбеккерлерін Екінш дүниежүзілік соғыс ардагерлерімен теңестіру, ал 1938-1945 жылдар аралығында дүниеге келгендерге «соғыс балалары» ресми мәртебесін беру - бұл кездесуде талқыланған басты мәселелердің бірі.

Рымтай Шөкеев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Соғыс кезінде туған балалар бар. Ол 1938 жылы соғыс басталған алдында, соғыс біткенше 1945 жылға дейін осы 2 ортада өмірге келген балалар, сол балалар аш-жалаңаш, ол кезде дұрыс тамақ та болмады, киім де болмады. Олардың әкелерінің барлығы соғысқа кетті. Одан келгені де бар, сол жақта қалғаны да бар. Ол балалар соғыстан кейін әкесі келмегеннен кейін олар тірі жетім болып, олардың жағдайы да өте ауыр болды.осы мәселелерді қараймыз.

Павлодарлық ақсақалдар жастармен де жиі кездесу өткізеді. Бұл жерде қозғалатын басты мәселе – жұмысқа орналасу, дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Рымтай Шөкеев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Жастар жылы десек, жастарымыз білімді, оқыды, институт бітірді, 1 емес 2-3 институт бітірді, солардың барлығы мем органдарға жұмыс істейін десе, стаждары жоқ дейді, ал ол стажды қайдан алады олар, сосын ол балалар еңбекке алмағаннан кейін вынужденно басқа жұмысқа барып, сторож, таксист болады. Еңбегі өте аз.

Халық қалаулылары ардагерлерді барлық толғандырған сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын қабылдады. Сондайә-ақ, бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайтынына уәде етті.

 

Марина САХАРОВА,  Вероника ВИШНЕВСКАЯ.

Тақырып бойынша материалдар

10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
10:34, 21 тамыз 2019
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Толығырақ...
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:16, 21 тамыз 2019
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...