ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

12:32, 30 қараша 2019

Өзбекстан астанасы Ташкентте Орталық Азия елдерінің көшбасшылары бас қосты. 5 мемлекеттен жиналған делегация өңірлік қарым-қатынастарды дамыту жайын талқылады. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған келелі кездесуге қатысу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке арнайы барды.

Сонымен қатар, жиынға Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері де қатысты. Алдымен жиын шағын құрамда, жабық есік жағдайында өтті. Бір сағаттан артық кеңескен басшылардың басқосуы кеңейтілген форматта  жалғасты.  Күрделі мәселелер өңірде аз емес.  Бүкіл әлем алаңдаулы сын-тегеуріндер бізді айналып өтпейтіні белгілі. Оның үстіне терроризм, экстремизм сынды қауіпсіздікке төнген сын-қатерлер де бірлесе күресуді талап етіп отыр.

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті:

Қауіп-қатерлерге қарсы шұғыл әрекет ету үшін бес елдің құқыққорғау ведомствалары мен арнайы қызметтің бірлескен жұмыс механизмін құруды ұсынамын. Бұл сын-тегеуріндерге қарсы қуатты қорғану құралымызға айналатын еді. Сосын Ауғанстанға көмектесу тетіктерін де қайтадан қарағанымыз жөн деп есептеймін.

Экономикалық ынтымақтастық. Сауда-саттық, инфрақұрылым, логистика салаларын қарыштап дамытуға 5 елдің де мүмкіндігі мол. Бірақ, елдер арасында бірқатар түйткіл бар. Өзгелердің қол сұғуына жол бермей, барлық проблеманы ішінара шешкен жөн. Бестік құрам осыған ықыласты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы:

Мемлекеттер арасында мұндай форматтағы келісім жоқ. Осы мәселені қолға алып әр елдің мүдделерін ескере отырып бірлескен саяси құжатқа қол қойғанымыз жөн. Сонымен қатар, діни экстремизммен бірлесе күресуіміз керек. Сонда ғана тиімді нәтижеге қол жеткіземіз. Сол себептен келер жылдың І жарты жылдығында қауіпсіздік кеңесінің хатшылығының бірінші отырысын өткізуді ұсынамын. Оған өңір елдерінің барлығы қатысуы тиіс.

Жалпы, Орталық Азия елдері арасында эскпорт, импорт алмасу өсіп келеді. Бірақ, дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметі бойынша өңір елдерінің тауар айналымы 0,5 пайызға да жетпейді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы:

Егер осыған қол жетсе, өңірдегі сыртқы сауда айналымын 50-60 пайызға дейін өсіруге болады. Бәріміз үшін пайдасы қандай болатынын білесіздер. Біздің тауарларды өткізу мүмкіндігі көбейеді. Сәйкесінше, кәсіпорындардың дамуына жол ашылады.

Өңір мемлекеттерінің демографиялық ахуалына да назар аудару қажеттігіне тоқталды. Өйткені, 2025 жылға қарай бес ел халқының саны 78 млн адамнан асуы мүмкін. Олардың үштен бір бөлігі жастар. Осы фактілерді ескере отырып, жұмыссыздық, өңірлік миграция мәселелерінің алдын алған жөн.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы:

Жыл сайын мемлекеттен 40 грант бөлетін боламыз. Яғни, Орталық азия өңіріндегі әр елдің 10 түлегі Қазақстанның үздік университетінде оқи алады. Тіпті Назарбаев университетіне де есік ашық. Әрі бұл бастаманы басқа елдердің де қолдауына болады.  Мерейлі дата алғашқы консультативтік кездесу күніне орай 15 наурызға қойған жөн деді.Түркі әлемінің бесігі - Түркістан қайта түлеп жатқаны белгілі. Елбасы бауырлас ел басшыларын шежірелі шаһарға шақырды. Ал жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа консультативтік кеңестің құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
19:14, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНВЕСТОРЛАРҒА ЕРЕКШЕ ВИЗА БЕРІЛЕДІ
10:13, 5 желтоқсан 2019
ИНВЕСТОРЛАРҒА ЕРЕКШЕ ВИЗА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...