ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ

20:37, 28 шілде 2020

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдеріне эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады. Олардың айтуынша, коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған. Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...