ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАРША МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫН ҚАСИЕТТІ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

19:24, 5 маусым 2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Ақорданың ресми сайтындағы хабарламада ол айтулы мерекенің өзара түсіністікке, келісімге жетелейтінін екенін атап өтті.Сондай-ақ, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі.

 

Құрметті отандастар!

Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке.

Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.

Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.  

Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер. 

Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 

Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Ораза айт құтты болсын!

Тақырып бойынша материалдар

13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
21:02, 13 шілде 2020
13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ІНДЕТТЕН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫҢ ЖАҚЫНДАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
20:54, 13 шілде 2020
ЕЛБАСЫ ІНДЕТТЕН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫҢ ЖАҚЫНДАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар