ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

19:56, 6 желтоқсан 2018

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова түркітілдес мемлекеттердің жастар және спорт министрлерімен кездесті. Оған Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Түркия Республикасының Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлу, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт вице-министрі Исмаил Исмаилов, Қырғыз Республикасының Жастар, дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің директоры Қанат Аманқұлов қатысты.

Жүздесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова  президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы күллі түркі халқының қасиеттеріне тоқталды.  Мемлекеттік хатшы  Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі аясындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде қатысушыларға табыс тіледі.

ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ

«Халықаралық аренада түркі халықтарының татулығы мен бірлігі идеясын нығайту ісінде Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі маңызды орын алады. Ал Жастар жылы деп жарияланған алдағы жыл Қазақстан үшін мазмұнды болмақ. Бұл жастарға, олардың мұң-мұқтажына, Қазақстанның болашағына ерекше көңіл бөлудің көрінісі болып саналады». 

Тақырып бойынша материалдар

«НҰР ОТАНДА» ЖАҢА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ
11:04, 14 желтоқсан 2018
«НҰР ОТАНДА» ЖАҢА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
12:29, 13 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Толығырақ...