ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ

21:34, 3 тамыз 2020

1 тамыздан бастап елімізде Коронавирус пен пневмания статистикасы біріктілді. Бұған дейін дайындық жұмыстарына 2 апта уақыт кетті. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынысымен Қазақстанда 1 тамыздан бастап КВИ-мен пневманияның статистикалық мәліметтерін біріктіру туралы шешім қабылданды. Енді статистика мәліметтері 1 тамыздан бірге есептелетін болады.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

Бұның себебі біреу ғана бізге нақты ақпарат беру үшін алдын ала екі аптадай уақыт қажет болды. Ақпараттық жүйені қалыпқа келтіру керек.  Медициналық қызметкерлерді оқытып, жаңа мәліметтерді дұрыс енгізу керек. Бұл өте қиын және ұзақ процесс. Егер ПТР тест расталса бәрі түсінікті, КВИ расталмаса жағдай қиындайды. Аз ғана уақытта коронавирус пневманиясы белгілерін анықтай алатын, есеп жүйесін дұрыс жүргізетін дәрігерлерді әзірледік. Жұмыстар жүргізілді, енді мәліметтерді ДДСҰ стандарттарына сай тіркеуге дайынбыз.  

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы айта келе - қиын кезеңнің артта қалғанын мәлім етті. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді, деді министр. Сондай-ақ, Алексей Цой вирустың елімізі күздегі вирустың өршуіне дайын екенін айтты.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

Күзде жағдай өршіп қалуы мүмкін деген де болжам бар.  Оған қазір дайындалып жатырмыз. Қиын кезеңге дайындалған төсек орындар қазір резервте тұр. Өкпені жасанды желдету аппараттары сатып алынуда. Мобильді топтар да жұмыс жасап тұр. Оттегі концентраторлары,  жеке қорғаныш заттары бәрі бақылауда. Жалпы, жағдай толығымен бақылауда.     

Министр Қазақстанда карантин шаралары бірден алынып тасталмайтынын, кезең-кезеңімен жеңілдетілетінін жеткізді. Егер ауру тағы да күрт өсіп кетсе, қосымша шаралар енгіземіз, - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...