ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

Қ.ТОҚАЕВ МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

12:19, 20 мамыр 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №68 мектеп-гимназияға барды. Мемлекет басшысына елордадағы орта және мектепке дейінгі білім жүйесінің қазіргі ахуалы мен оның келешек даму перспективалары, сондай-ақ, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға жасалған жағдай жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан цифрландыру жұмыстарының нәтижелері баяндалды. Соның ішінде, балабақшаларға кезекке қою және жолдама беру, мектепке қабылдау және мектептен мектепке ауысу, оқу орнына кіруге арналған бірыңғай электронды карта және оқушылардың тамағы мен жолақысы үшін ақшасыз төлем жүйесін енгізу сияқты үдерістерді онлайн форматына көшіру жөнінде айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
12:32, 14 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
16:11, 9 қыркүйек 2019
ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...