ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

19:14, 5 желтоқсан 2019

Бүгін Елордада ҚР ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісі өтті. Үш күнге созылған жиында ұлттық спорттың бірнеше түрінің ережелері қайта қаралды. Бұған дейін дау тудырған кейбір мәселелерге түбегейлі нүкте қойылды. Бүгінде ұлттық спорт әлем сахнасына шығып келеді.

Дәстүрлі садақ ату спортын арысы Африка мен берісі сары құрлықтың бар елі біледі. Айналысады. Тұрақты жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар көкпардан әлем чемпионаттары өтеді. Азия біріншілігі де бірнеше рет жалауын көтерді. Ендігі мақсат, шыққан биіктен түспей төл спортымыздың мәртебесін көтеру. Жиын соңында келер жылы өтетін көшпенділер ойындарына, көкпар мен жамбы атудан әлем чемпионатының дайындығын күшейтуді тапсырды қауымдастық басшысы Бекболат Тілеухан. Және көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату федерацияларының президенттері тағайындалды. Бұл азаматтар қауымдастықтың вице-президенті қызметтерін қоса атқаратын болып шешілді. Мәжіліс соңында ұлттық спортқа ерекше еңбегі сіңген жандарға қауымдастықтың құрметті приезиденті Қайрат Сатыбалдыұлының атынан арнайы алғыс жарияланып, сыйлықтар табыс етілді. Марапатталушылар арасында Қазспорт телеарнасының директоры Павел Цыбулин де бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...