ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

КОРОНОВИРУСТАН 2 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

10:12, 18 мамыр 2020

Нұр-Сұлтан қаласында екі адам короновирустан қайтыс болды. Оның бірі-1958 жылы туған әйел- қаладағы жеке медициналық мекеменің бірінде істеген. Зейнетке шықса да жұмысын жалғастырған. Ауру белгілері болса да науқас 10 шақты күн үйде өзі емделген.

Жағдайы онан сайын нашарлаған соң ғана жедел жәрдем шақырып, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Бірақ қарқынды жүргізілген емге қарамастан науқас көз жұмды.  

Сәуле Қисықова, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Екінші науқас-1977 жылғы. Жанұясында короновирус жұқтырған туысымен жақын қарым-қатынаста болған. Осыған орай 4 күн үй карантинінде болған. Айта кету керек, науқас соңғы екі жылда қосымша аурулары бойынша емханада тіркеуде болған. Қарқынды емге қарамастан қайтыс болды.

Дегенмен Елордада короновирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші  төмендеген.  Бірақ сақтық шараларын әлі сақтау керек.Ал карантиндік шараларды алып тастау кезеңдері қалада әр жеті күн сайын ауруға шалдығудың азаюына қарай айқындалады.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше еліміз бойынша бір тәулікте 118 адам вирус жұқтырған. Сонымен науқастар саны -5689-ға жетті. Емделіп шыққандар-2639, өкінішке орай -34 адам көз жұмды.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
10:00, 25 мамыр 2020
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
15:24, 22 мамыр 2020
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
15:22, 22 мамыр 2020
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...