ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

КОРОНАВИРУСТАН 1770 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

10:30, 18 ақпан 2020

Қытайдың Хубей провинциясына коронавируспен күрес үшін 32 мың медицина маманы жіберілді.

Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының делегациясы бүгін Бейжің қаласы мен Гуандун, Сычуань провинцияларына барып, қауіпті инфекцияның таралуына байланысты тергеу жүргізеді. Және де осы эпидемияға байланысты Қытайда парламенттің жыл сайынғы сессиясын наурызда емес, одан кейін өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Қытайда бұл вируспен байланысты пневмониядан 1770 адам қайтыс болды. Ал, оны жұқтырғандар 70500-ден асып отыр. Сонымен қатар, коронавирус жер шарының барлық континенттеріне жетіп, Қытайдан тыс жерлерде 500-ден астам адамнан табылып, 5 адамның өмірін қиған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Мюнхен конференциясында мәлімдегендей, жұмбақ дерттің әлемде әрі қарай қалай өршитінін дәл қазір болжап айту қиын.

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
20:48, 2 сәуір 2020
ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...