ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

КОРОНАВИРУС: ҚАЗІРГІ АХУАЛ

18:00, 26 наурыз 2020

Елімізде коронавирус жұқтырған екі науқас қауіпті дерттен айықты! Олар ертең үйлеріне жіберілмек. Десе де жұқпалы індетке немқұрайлы қарайтындар да азаймай тұр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі төтенше жағдай кезінде той тойлап ереже бұзған 100-ге жуық адамның жауапқа тартылғанын жеткізді.

Елдегі ахуалды баяндаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі сөзін қуанышты жаңалықтан бастады.  Елімізде коронавирустан екі адам емделді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Қазір олар соңғы тексеру анализдерін тапсыруда. Бұйырса ауруханадан ертең шығады. Ең алдымен бұл дәрігерлердің жанкешті еңбегінің жемісі.

Дәрігерлер бастарын қатерге тігіп жұмыс істеп жатқанда, сақтық шараларына немқұрайлы қарайтындар тыйылар емес. Кейбір  кафе, ресторан, интернет клубтардан бастап, балалар үйірмесіне дейін шектеуге қарамастан кәсібін дөңгелетіп жатыр. Бұл өзгелерге үлкен қауіп төндіреді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Барлығы осындай 313 дерек анықталды. 94 адам жауапқа тартылып, оның 64-і қамауға алынды.

Ал елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ. Жетіспеушілікті болдырмау үшін тауардың 9 түрін экспортқа шығаруға тыйым салынды. Олар қарақұмық, ұн, қант, картоп, сәбіз, шалқан, қызылша, пияз, қырыққабат, күнбағыс дәні мен майы.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Оларды қазір сауда желілері, өңірлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорлары, көтере сауда жасаушылар сатып алуда. Қазірдің өзінде көптеген өндірушілер өз өнімін ішкі нарыққа бағыттағанын байқап отырмыз.

Медициналық маска тапшылығы да болмайды. Министрдің айтуынша қазір ел бойынша 70 цех күніне 850 мыңнан астам бетперде шығырап жатыр. Сондай-ақ Дәурен Абаев жұртты тек ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырды. Өйткені онсызда қиын жағдайға тап болған халықты фейк мәліметтер сан соқтырады. Мәселен қазір түрлі мессенджерлерде 109 нөмірі арқылы тегін азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген секілді жалған ақпараттар өріп жүр. Тіпті вирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың мекен-жайы да тарап жатыр. Бұл да жалған. Шынайы ақпарат егов порталында.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Егов сайтында карта көрсетілген. Сондағы көк белгі  коронавирус жұқтырғандар емес. Олармен байланысқа түскен адамдардың мекен-жайы. Осыны шатастырмауымыз керек. Оның үстіне науқастармен байланыста болғандарқазір  үйінде емес,  ауруханада карантинде жатыр.

Коронавирусқа қарсы күрес барынша күшейтіледі. Науқастарды аман алып қалу үшін жасанды тыныстандыру аппараттары да көптеп сатып алынбақ. Өйткені қауіпті індетке шалдыққандардың тыныс алуы қиындайтыны белгілі. Қазір елімізде осындай екі жарым мың құрылғы бар. Енді тағы 230-ы Швейцариядан алынып, 180-ін «Қазақстан инжиниринг» компаниясы тегін бермек.

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
20:48, 2 сәуір 2020
ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...