ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

КОРОНАВИРУС: БҮГІНГІ АХУАЛ

23:31, 23 наурыз 2020

6-сәуірден бастап оқушылар қашықтықтан оқуға көшеді. Ал, дағдарыс кезінде елдің барлық өңірлерінде коммуналдық төлемдер азайтылады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан басқа өңірлердегі ірі ойын-сауық орталықтарына қайтадан жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл жайында бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Елдегі күнделікті ахуал жайындағы ақпараттың бәрі бұдан былай бір орталықтан берілетін болады.

Ғаламдық дағдарыс салдарынан І тоқсанда қазынаға 350 млрд теңге түспеуі мүмкін. Бірақ, бұған қарамастан мемлекет бюджеттен 4,4 трлн теңге бөліп отыр. Мұның сыртында салықтық жеңілдіктер бар. Қолдау алдымен, қарапайым заттар экономикасына, яғни, күнделікті қолданатын өнімдер мен импорт алмастыратын тауарлардың өндірісіне жасалады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Сонымен қатар, эпидемия салдарынан жұмыссыз қалған отбасыларға минималды еңбекақы төленеді. Көп балалы отбасылар,  мүгедектер мен басқа да әлеуметтік аз қамтылғандар тегін азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Дағдарыс кезінде елдің барлық өңірлерінде коммуналдық төлемдер азайтылады.  

Елдің бас санитары бүгін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа қаулыға қол қойды. Осыған сәйкес, коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерден яғни, 1 А санатына кіретін Франция, Иран, Испания, Германия және Италиядан келген жолаушылардың барлығы 14 күнге карантинге жатқызылады. Әрі вирусты анықтауға арналған тест тапсыруға міндетті. Ал қалған елдерден келген азаматтар коронавирусты анықтауға арналған сараптамалар тапсыру үшін 1 күнге стационарлық карантинге жатқызылады. Инфекция анықталмаған күннің өзінде олар 13 тәулік үйде оқшаулануы тиіс деді министр. Ал тәртіпке бағынбағандарға жаза қатаң. Қазірдің өзінде құқыққорғау органдары санитарлық және гигиеналық нормативтерді бұзған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі үш тергеуді бастады. Бұдан бөлек, төтенше жағдай режімін бұзған 143 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалған.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Мысалы, дәмханалар мен мейрамханалар рұқсат етілмеген уақытта жұмыс істейді. Жиын-той өткізеді. Осының барлығы адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан да олар жауапқа тартылады.

Ал, еліміздегі мектептер 6-сәуірден бастап қашықтықтан оқытуға көшеді. Қазір Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастыру механизмдерін пысықтап жатыр. Бұдан бөлек, «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы оқушыларға видеосабақтар көрсетілетін болады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Бірақ бұл негізгі емес, қосымша шара. Осыны қайталап айтқым келеді. Аталған видеосабақтарды Білім және Ғылым министрлігі дайындаған. Олар «Балапан» арнасында қазақ тілінде, ал «Ел арнада» орыс тілінде көрсетіледі. Бұл жөніндегі барлық жаңалықтарды жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз.

Ал індетті анықтауға арналған қазір елімізде 60 мың тест бар. Жақында тағы 150 мыңы жеткізіледі. Бұдан бөлек, демеушілердің көмегімен қосымша 100 мың тест сатып алынады. Инфекцияның бар-жоғын анықтауға арналған тест халыққа тегін жасалады. Сапасына алаңдауға негіз жоқ деді Дәурен Абаев. Ал карантиннің қашан аяқталатыны жайында дөп басып айту қиын. Дегенмен, ортақ талапты жаппай орындаған жағдайда бір ай ішінде инфекцияны тоқтауға болатынын айтты министр. Бұдан басқа, ірі ойын-сауық орталықтары елімізде қайтадан жұмыс істейтін болады. Тек олар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Ал Алматы мен Нұр-Cұлтан қалаларында бұл шектеу карантин аяқталғанша жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
20:48, 2 сәуір 2020
ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...