ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ

22:51, 20 қараша 2020

Қазақ әскері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік операцияларына көбірек қатысуы керек. Президент қорғаныс министрілігіне келер жылға дейін осы бағытта жоспар түзіп, жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ 2021 жылдың 1 қарашасына дейін армияның идеологиялық тұжырымдамасы әзірленуі керек. Бұл тапсырмаларды мемлекет басшысы бүгін қорғаныс министрілігің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

Жиынды бастамай тұрып мемлекет басшысы әуелі отан қорғау жолында қаза тапқан әскерилерге тағзым етіп, «Мәңгі есімізде» монументіне гүл шоқтарын қойдыКелер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл. Ел іргесі бекіп, керегесі кеңейді. Бейбіт өміріміздің қорғаны болған қазақ армиясы толықтай қалыптасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Шын мәнінде қарулы күштерімізді күшейту күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Глобализацияға аяқ басқан жер-жиханда өзгерістер тым жылдам болып жатыр. Соғыс өрті де демде лаулап кетіп жатқанын көз көріп, құлақ естіді. Президент әскер басшыларына әлемдік  әрі аймақтық жағдайды жіті бақылап отыруға шақырды. Өйткені қазір қауіпсіздік архитектурасы мүлдем басқа. Ішкі толқулар мен төңкерістер елдің тұтастығына әсер ететіндігі сөзсіз дейді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Ішкі толқулар, төңкерістер елдің тұтастығына сөзсіз әсер етеді деп санаймын. Оған Брест бітімінен бастап Қап тауындағы соңғы жағдайларға дейінгі тарихтың жаңа парақтары куә. Мұндай жағдайда мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының жалғыз кепілі – Қарулы Күштер. Елімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұрған әскери қызметшілерді мемлекет әрдайым қолдайды. Президент және Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қорғаныс саласына ерекше көңіл бөлуді өз жұмысымның басым бағыты ретінде санаймын.

Президент әскердегі моральдық-психологиялық ахуалды және сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеру аса маңызды екендігіне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021  жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын.

Өз әскерін бақпаған ел өзгенің әскерін бағады деген тұрақты тәмсіл бар. Қорғанысы айбынсыз ұлт қорғансыздың жағдайын кешеді. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем  алдағы 3 жылда 30 пайызға көбейетінін айтты. Келер жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы да артады. Әскер әрдайым дамып отыруы керек. Соңғы жаттығулар қазақ армиясының мықты әлеуетін көрсетті. Олардың бітімгерлік миссияларға қатысуға әзір екенін айғақтады. Президент министрлікке келер жылдың тамызына дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуын кеңейту жөніндегі Жол картасын әзірлеуді міндеттеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазір соғыстың өзі жаңа деңгейге шығып кеткен. Бұрынғы автомат, танкілердің орнынан  қашықтан басқарылатын дрондар келді. Ақпараттық, цифрлық текетірес тағы бар. Замана ағымынан қалыс қалмау үшін арнайы қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметі ашылды. Президент ұйымға 2021 жылдың 1 қарашасына дейін Әскери бағыттағы біртұтас ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын құруды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Мемлекет басшысы әскери құрылымдарды қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етудің бірқатар басымдығын атады. Президент әуе қорғанысын күшейту, әскер түрлерінің радоиоэлектронды күрес элементтерін дамыту, әскердің жедел әрекет ету әлеуетін көтеру мақсатында әскери-транспорттық авиация паркін арттыру бағыттарына басымдық берді. Жиыннан кейін Президент қарулы Ккүштердің қазіргі әлеуеті мен заманауи техникаларын өз көзімен көріп, қадағалап қайтты.
 

Тақырып бойынша материалдар

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ТЕТІКТЕРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ
22:27, 4 желтоқсан 2020
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ТЕТІКТЕРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ
Толығырақ...
ЕАЭО-ҚА МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
22:23, 4 желтоқсан 2020
ЕАЭО-ҚА МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ КҮШЕЙТУ Қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар