ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

21:03, 20 маусым 2019

Заңнамалық актілерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын ережелер алынып тасталады. Парламент палаталарының бірлескен отырысында конституциялық кеңестің төрағасы осылай деді.

Қайрат Мәми депутаттар алдында жыл сайынғы елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы баяндады. Бір жыл ішінде кеңестің қорытынды шешімдерін орындауға бағытталған бірқатар заңнамалық, өзге де актілер қабылданған. Олардың басым көпшілігі  адам құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты. Келер жылы азаттығымызды айқындайтын ата заңымызға 25 жыл толады. Мәми бұл мерейтойға бүкіл мемлекеттік мекемелер дайындық жұмыстарын жүргізу керек деді. Сондай-ақ ол еліміздегі президент сайлауы барлық заң талаптарына сай өткенін айтты.

Қайрат Мәми ҚР конституциялық кеңесінің төрағасы:

Биліктің көшуі қалыпты жағдайда өтті. Бұл Қазақстанның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етудің және халықаралық беделінің деңгейін анықтайтын маңызды факторлар

Осылайша тәуелсіздік басында Елбасы мәлімдеген және тұрақты түрде қамтамасыз етіліп отырған Ата Заңнның рухын адал сақтау бағытының сабақтастығы және оған қатысты қоғам мен мемлекеттік бұлжымастығы қайта расталды. Мемлекеттілік дамуының жаңа дәуірінде мемлекеттің және азаматтың ең басты міндеті – Конституцияның ережелері мен нормаларын құрметтеу және жүзеге асыру.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
10:16, 11 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...