ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

11:14, 19 маусым 2020

Бүгін Үкімет үйінде ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. Онда, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды. Ведмоство аралық комиссия алдағы 20-21 маусым, яғни демалыс күндеріне қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Қабылданған шешім бойынша осы демалыс күндері Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша бірқатар шектеулер күшейтілді. Сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады. Қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс. Қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі. Қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады. Фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады және де 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектеледі. Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша: қоғамдық орындардың, парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады. 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектеледі. Осы ретте Премьер- министр Асқар Мамин, әкімдерге халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

БІРІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚИДЫ
11:06, 15 шілде 2020
БІРІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚИДЫ
Толығырақ...
13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
21:02, 13 шілде 2020
13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар