ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ФОРУМЫ АЯҚТАЛДЫ

18:49, 8 қараша 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен арадағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесіне қатысты бірнеше маңызды ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын әзірлеуді ұсынды және үшінші елдердің нарығына бірлесе шығуға шақырды. Осы ретте, екі елдің салалық министрліктеріне өзара қарым-қатынасты күшейтіп, ширақ қимылдауы керектігін ескертті.

Екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру үшін сауда-саттықты тұралатын кез-келген кедергіні жойып, бірлесіп әрекет ету аса маңызды екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:

Екі елдің бақылаушы органдары өзара тығыз қарым-қатынас орнатқаны пайдалы деп есептеймін. Ауылшаруашылығы секторы кез-келген экономика үшін қырағы бақылауды қажет ететіні құпия емес. Сондықтан, бақылаушы органдар дәл осы салаға ерекше назар аударатыны түсінікті. Алайда, тексеру мен бақылау жасанды болмауы керек, ең бастысы шектен шықпауы тиіс. Нарыққа шығуды тұралататын әкімшілік кедергілерді жою үшін, туындаған мәселелерді жедел шешу үшін екі елдің құзырлы министрліктері, жауапты мекемелері өзара байланысты, қызметтік қатынасты жиілетуі қажет.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы шекара маңы аймақтарының инфрақұрылымдық әлеуетін кеңейту және дамытуға айрықша назар аударды. Қазіргі қолданыстағы инфрақұрылымның ескіргенін,сондықтан шекаралық өткізу бекеттерін жаңғырту керек деді. Бұдан бөлек,  Спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Ресейдің шекаралас аймақтарының бірінде «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» филиалын ашу қажеттігін айтты. Өз кезегінде Владимир Путин әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат білдіріп, бастамаларының барлығы орынды екенін және қолдайтынын жеткізді. Форум қорытындысы бойынша екі ел тарапы бірнеше құжатқа қол қойды. 2020 жылы Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы Көкшетау қаласында экология тақырыбында өтетін болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...