ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

12:24, 30 қараша 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның бизнес өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты тұрақты әрі жоғары деңгейде деп бағалады. Сондай-ақ, Франция Қазақстанның Еуропалық одақ аясындағы негізгі серіктесі екенін және еліміздің екіжақты ықпалдастықты дамытуға баса мән беретінін айтты.

Қазақстандағы инвестициялық ахуал жыл өткен сайын жақсарып келеді. Инвесторлар біздің елдегі тұрақтылықты, қолайлы инвестициялық жағдайды жіті түсінді. Нәтижесінде, Еуропадағы ең беделді компаниялар Қазақстан нарығына қомақты қаржы құйып, бірігіп жұмыс істеуге мүдделі. Соның бірі әрі берегейі осы Француздар. Қазіргі сәтте осы елдің капиталының қатысуымен біздің нарықта 160-тан астам трансұлттық компания жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:

Биылғы көрсеткіштерде де оң қарқын байқалады. 9 айдың ішінде тауар айналымы 5,5 пайызға өсіп, 3,4 миллиард долларға жетті. Жалпы Қазақстан экономикасына салынған француз инвестициясының көлемі 16 миллиард долларға жуық.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстанда бизнес ахуалдың одан сайын жақсаратындығын жіті түсіндірді. Яғни, елімізде кәсіпті кедергісіз дамытудың нақты әрі тиімді бастамалары іске асырылып жатқаны айтты. Осы ретте, француз бизнесмендерін екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, сенімді серіктес болуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақстанның бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде мүмкіндігі зор. Елімізде 25 миллион гектар егістік пен 186 миллион гектардан астам  жайылымдық жер бар. Бұл орасан зор ресурс және резерв. Географиялық тұрғыдан біз үлкен әрі жоғары төлемқабілеттілігі бар Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс және Индия нарықтарына жақынбыз.

Қазақстанда инвесторларды қызықтыратын, айрықша назарын аударатын жобалар жетерлік. Соның бірі цифрлық экономика құрудағы серпілістер. Сонымен қатар, Француздың бизнес өкілдерін  қаржы секторындағы іс-қимылдарды кеңейтуге және «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:

Елімізде Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі секілді инновациялық кластерлер жұмыс істейді. Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі ашылды. Біз Қазақстанда француздық инновациялар мен технологияларды енгізу үшін мейлінше қолайлы жағдай жасауға дайынбыз.

Франция тарапы Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалайды. Қолында қомақты қаржысы бар кәсіпкерлері біздің елмен бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикаррердің айтуынша, Франция бизнесі бірлескен жобаларды дамытуға дайын.

Ив-Луи-Даррикаррер Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы:

Мен француз компанияларының Қазақстанның кәсіпорындарымен ұзақ мерзімге негізделген ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін айтқым келеді. Олар қосымша жобаларды дамытуға үмітті және қазақстандық билікпен жұмыс істеуге әзір, – деді Ив-Луи Даррикаррер.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев осы іс-шараның Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстарды нығайтуға септігін тигізетініне, өзара тиімді жаңа жобалардың бастауы болатынына сенім білдірді. Айта кетейік, Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға сапар жасайды және ол  екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді деп санаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...