ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

10:28, 11 сәуір 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне арналды.

Нұрсұлтан Әбішұлы өңірлердегі экологиялық ахуалды үнемі бақылауда ұстап, осы саладағы заңбұзушылықтарды түбірімен жою керек екенін атап өтті. Мұндай шаралар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - дейді елбасы. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттар бойынша үкімет мүшелері, облыстар әкімдері мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ отырыста соңғы саяси оқиғалар да сөз болды. Елбасы әлемдік қауымдастық бұл жаңалықтарды аса үлкен қызығушылықпен қабылдағанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы

Жақында болған саяси жағдайды білесіздер. Мемлекет билігін жаңа басшыға табыстағанымды білесіздер. Бұл – өте маңызды шешім. Қасым-Жомарт Кемелұлы мен ұсынған бастамаларды лайықты жалғастыра беремін деген өзінің сөзінде де айтты. Мен де оған сенемін. Өзім қалап, дүние жүзіне белгілеткен елдің болашағы, өсіп-өркендеуі менің әлі де негізгі жұмысым бола береді. Сондықтан ел егемендігінің баянды болуы, тұрақтылық пен татулықты сақтау ары қарай мен үшін өте маңызды міндет. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде жаңа тапсырмалар бойынша, жаңа заң бойынша Қазақстанның өркендеуіне бәріміз де барынша үлес қосатын боламыз. Бұл – бәріміздің ортақ шаңырағымыз, қасиетті жеріміз, қастерлі мекеніміз. Президентімізге, елімізге жан-жақты көмек көрсетіп, қолдау жасауымыз керек. Дүние жүзінің мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатып, іргемізді бекемдедік осы жылдардың ішінде. Қазіргі Қазақстан өзінің даму жолын айқындаған, мақсаты биік ел. Өзімді ұлт көшбасшысы деп таныған халқымның мақсат-мүддесі үшін әлі де аянбай қызмет ететін боламын. Барлығын бірге істейтін боламыз. Уважаемые участники заседания, прежде всего я должен отметить еще раз о прозошедших больших политических событиях. В нашей стране, которые произвел интерес всего мира и речь идет о сложении полномочий президента мной. Пользуясь этим случаем, я хочу выразить признательность мудрости и единству казахстанцев, особенно проявившихся в этот поворотный момент нашей истории. Все эти дни в мой адрес приходят огромное количество писем, телеграмм государственных и общественных деятелей, производственных коллективов нашей страны, поступает множество телефонных звонков от глав зарубежных государств и международных организаций с выражением поддержки и одобрения. Я знаю, что в нашем обществе есть тревога, сожаления, надежда и ожидания. Я хочу сказать, что все это как раз сделано для того, чтобы успокоить всех и сказать, что курс выработанный продолжается. Я нахожусь здесь и все мы будем работатьна благо нашей родины. Достойно пройдя через все испытания, мы построили успешную страну, которую знают и уважают во всем мире. Меня, как основателя современного Казахстана, волнует будущее нашего государства и благополучие граждан. Все мои поступки и действия продиктованы именно этим. Системное выполнение программ является ключевым условием нашего развития. Мы должны продолжить работу по обеспечению людей жильем, работой, качественным медицинским обслуживанием и образованием, а также поддержке нуждающихся. Все это – инвестиции в светлое будущее.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АРЫСТАҒЫ  ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮ ҮШІН ШҰҒЫЛ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ТАПСЫРДЫ
10:40, 25 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮ ҮШІН Ш...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар