ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ

12:33, 15 мамыр 2019

Мемлекет басшысының өңірлерге сапары жалғасуда. Бүгін президент сыр өңірінде болып, бірқатар маңызды нысандарды аралап, облыс жұртшылығымен кездесті. Сырдарияның сол жағалауындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, жуырда пайдалануға берілген жаңа нысандарды аралап көрді.

Өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың іс жүзіндегі нәтижелерін көзбен көріп, шаруалармен  кездесті.  Президент үкімет пен облыс басшылығына өңірде   жақын арада қолға алынуы керек  8 басым бағытын айқындап берді. Бір кездері болашағы бұлыңғыр саналған Қызылорда облысы қазір даму қарқыны бойынша үздік бес өңірдің қатарында. Сырдарияны жағалай қоныстанған 750 мың халқы бар.  Алғашқы Астана Қызылорда қаласы былтыр 200 жылдық мерейтойын атап өтті. Облыста соңғы алты жылда 200 нысан пайдалануға берілген.  Қызылорда облысы жан басына шаққанда әлеуметтік салаға қаржы бөлуден өңірлер арасында бірінші орында. Президент барған көпбейінді балалар ауруханасы 100 мектеп 100 аурухана жобасы аясында салынған.   Мемлекет басшысы аурухана жұмысымен танысып, өңірдің медицина мамандарымен кездесті.

Зоя Көшенова  Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері:

Туу көрсеткіші сол көрсеткіште қалса да нәресте өлімі  4 есеге арзандап отыр. Жүкітілік кезіндегі денсаулық ахаулары да азайды. Осы жетістіктердің барлығы  жаңа аурухана мен замануи техниканы алудың нәтижесінде.

Сыр өңірі тек өндіріс емес ауылшаруашылығы да жақсы дамыған. Бүгінде 15 түрлі өнім экспорттап отыр. Басты бернд сыр маржаны -  күріш.   Мемлекет басшысы өңірдегі ең ірі күріш ақтау зауытында да болды. Мемлекет басшысы осы жерде облыстың ірі күріш өсіруші шаруалармен  кездесіп, ортақ мәселелерді тыңдады, жұмыстарына сәттілік тіледі. Президент сол жағалаудың бас жоспарымен танысты.  Қазір 1500 гектардың 500 гектарында құрылыс басталған. Сол жағалауда пайдалануға берілген нысанның бірі облыстық жастар орталығы мен қала тарихының музейі.   Президент жастамен жүздесіп, олардың өтініші бойынша естелік фотоға түсті. Ал жаңа музейде  Алғашқы астана Ақмешіт туралы құнды құжаттармен танысты. Сала салада тындырылған тірліктермен танысып болған соң   Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесіп, үкімет пен өңір басшылығына 8 басым бағытты айқындап берді.  Алдымен әрине әлеуметтік сала.  Президент жаңа жұмыс орындарын ашып, жалақыны өсіруді тапсырды. 

Қасым-Жомарт  Тоқаев  Қазақстан Республикасының президенті:

Аймақтағы азаматтардың жалақысын өсіру – Үкімет пен облысы әкімінің басты міндеті! Лайықты жалақы төлейтін жаңа жұмыс орындарын ашуға баса мән беру қажет. Бұл бағытта ірі кәсіпорындардың қуатын тиімді пайдалануды назарға алу керек.

Екінші мәселе экономикалық өсім нүктелерін әртараптандыру.  Облыс экономокисаындағы мұнай газ үлесі 70 пайызды құрайды. Бұл әрине көп. Оның үстіне облыстағы мұнай қоры сарқылып барады. Сондықтанда президент үкімет пен әкімдікке өңір экономикасының жаңа моделін жасақтауды тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасының президенті:

Экономикалық өсімнің жаңа драйверлерін қамтамасыз ету керек. Индустриаландыру саясаты жақсы нәтиже берді және бұл жұмыс жалғасады. Сондай-ақ шыны зауытының құрылысын аяқтау қажет. Оның айналасында тиісті бизнес кластер қалыптастыруға жағдай жасау  маңызды.   Бәйтерек холдингіне әкімдікпен бірге шыны зауытын іске қосып, алғашқы қазақстандық шынына шығаруды тапсырамын.  Өңірде мұнай газ саласының үлесі басым. Облыстағы жалпы өндіріс көлемінің 70 пайыздайы  мұнай газ саласының тиесілі. Қазір облыста мұнай-кеніштерінің сарқылуы байқалады. Яғни  өндірісте жұмыс істейтін азаматтар үшін мәселе  туындауы мүмкін. Біз мұның алдын алуымыз қажет. Сондықтанда жаңа кен орындарын барлауды, бар кеніштерге тың технологияларды енгізуді тапсырамын. Үкімет пен қазмұнайгаз ұлттық компаниясы, облыс әкімдігі тез арада  мұнай газ саласын дамытудың стратегиялық жоспарын жасақтауы қажет.

Президент айқындап берген тағы бір басым бағыт- ауылшаруашылығы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасының президенті:

Суармалы жерлерде су тапшылығы бар. Сондықтан, жаңа су қоймаларын салу қажет. Үкімет облыс әкімдігімен бірге аталған мәселені шешу үшін маған нақты жұмыс жоспарын ұсынсын. Бүкіл ел бойынша ауыл инфрақұрылымын жаңғыртатын кез келді. Жергілікті жолдардың, су құбырларының, электр желілерінің, мәдени-спорт кешендерінің бәрі жаңаруы қажет.

Сондай-ақ президент шағын және орта бизнес қолдау шараларын кеңейтуді тапсырды. Ал Қызылорда қаласының су жылу жүйесін жаңартуды әлеуметтік даму каратсы аясында шешуді  жүктеді.

Қасым-Жомарт  Тоқаев  Қазақстан Республикасының президенті:

АуАтап айтқанда облыс тұрғындарын гидрожелілер мен жылу жүйесінің апатты жағдайда тұрғандығы қатты алаңдатады. Үкімет пен әкімдік тез арада сужелілерін жөндеу, жылу жүйесін жаңарту жұмысын шешуі қажет.

Президент сондай-ақ үкімет пен әкімдік байқоңыр ғарыш айлағының әлеуетін тиімді пайдалануды тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасының президенті:

Үкімет пен облыс әкімдігі тез арада  Байқоңырды дамытудың  тетіктерін анықтауы қажет және арнайы экономикалық аймақ құруы керек. Қазір әлемде ғарыш саласындағы стартап жобалар қарқынды дамуда.  Байқоңыр кешенінің бірегейлігі мен ауқымы алдыңғы қатарлы стартап жобалармен және халықаралық компаниялармен жұмыс істеуге тамаша мүмкіндік береді. 

Қасым-Жомрат Тоқаев бұл тапсырмаларды жеке қабылдауына алатынын қадап айтты. Жұртшылықпен кездесуде облыс ақсақалдары мен қоғам өкілдері сөз сөйлеп, қызылорда обылысына қамқорлығы үшін елбасыға алғыстарын айтты, аманатын жеткізді

Әбілбай Садықов Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Тұңғыш президент елбасыны біздер аралдықтар ауданымызға қонақ ретінде шақырамыз. Осы  аманатымызды елбасына жеткізсеңіз.

Қоғам өкілдерімен кездесуде президент сыр өңірін дамытуға үлес қосқан  бірнеше азаматты марапттады. Олардың ішінде спортшы элизабет Тұрсынбаева бастаған спорт медицина және күріш өсіруші шаруалар бар.

Тақырып бойынша материалдар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:17, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар