ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ

14:10, 20 наурыз 2019

Осы жаңа ғана елеміздің уақытша президент міндетін атқарушы тағайындалды. Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев басқарады.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы халқына адал қызмет етуге ант берді. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігі, омырауға тағатын белгісі және байрағы, «Алтын қыран» ордені тапсырылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы 17 мамырда туған, қазақ. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжің лингвистикалық институтын (ҚХР), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы. РФ Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті докторы және профессоры, Женева дипломатия және халықаралық қатынастар институтының құрметті докторы, Бүкіләлемдік Жаратылыстану және гуманитарлық академиясының толық мүшесі. 2013 жылғы 16 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаттығына тағайындалып, Сенат Төрағасы болып сайланды. 2017 жылғы 14 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының отырысында Президенттің ұсынысы бойынша жасырын дауыс беру арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сенаттың төрағасы болып қайтадан сайланды.  Сондай-ақ, жиында ҚР Тұңғыш президентіне халық «Халық Қаһарманы» «Құрметті сенатор» атағы берілді. Сонымен қатар Елбасының атына Елордасы  Астана мен облыс орталықтарының басты көшелерін Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атау туралы да ұсыныс та айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
13:54, 20 сәуір 2019
ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...